Баймырза әулие Мергенұлының кесенесі

Кесенесі Жанкелді ауданы, Шұбалаң ауылында  орналасқан. Баймырза  әулие  қазақтың танымал батыры болды. Өмірінде табиғаттың дарытқан сыйы, көріпкелдік пен тәуіпшілігінің  арқасында халық оны әулие атап кеткен.

Баймырза 13 жасқа  толғанда, далада  барымташылық  көбейіп кеткен еді. Оның жанұясының да малдарын ұрлап әкетті, Баймырзаның ағасын ұрылар  өлтіріп кеткен еді. Ол уақыттардың  заңы бойынша ру өкілдерінің арасында  шайқас болатын еді. Мінеки, жәбірленушілер  тарапынан Баймырзаның ағасы  ұрысқа шығу керек болатын. Бірақ одан ағасының отбасы  жапа шегетінін ойлаған  Баймырза  жауамен өзі күресті. Осыдан кейін оны  ел батыр атап кетті.

Ол  жоңғарларға қарсы қолды  басқарды, патша  билігінің саясатына қарсы күрес ұйымдастырды, сонымен қатар Пугачевтың   көтерілісін  қолдады. Баймырза әулие  Емельян Пугачёвпен хат жазысып тұрды, бұны  белгілі тарихшы Ермухан Бекмаханов растайды. Оның қазасынан кейін  кесене  мазараттың  үстіне  орнатылды, бірнеше ғасыр бойына  киелі орын болып қала берді, тіпті  кеңес  өкіметінің тұсында да оған халық аяғы  басылдмады. Науқас жандар оның  кесенесіне  түнеп, өз отбасыларына ауруларынан  айығып келіп жатты. Бұл ұлы  тұлғаның  шарапаты көптеген адамдарға тиді.

Қазіргі күнде батырдың ұрпақтары Жанкелді ауданында  тұрып жатыр. Бұлар Қазақстан Республикасы мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, ақын Қаирбеков және академик Марат Барманкулов.