2019 жылғы тамыз айының мерейгерлері

30 тамыз    

Верёвочкин Евгений Иванович

туғанына 85  жыл (1934) 

    Евгений   Иванович   Верёвочкин    1934  жылы 30 тамызда  Новгород  облысының Чапаев  ауылында дүниеге  келді. Рудный қаласына 1956  жылы көшіп келді.  Слесарь болып жұмыс істеп, кейін экскаватор машинистінің көмекшісі, Соколовск кенінде экскаватор  жүргізушісі болып жұмыс істеді.  1965  жылы  Рудный    индустриалды  техникумын  «Өндірістік  кәсіпорында электрмен жабдықтау» мамандығын бітіріп шықты.

Қазан     Революциясы   және   Еңбек қызыл ту   төсбелгілерімен, «Ерен еңбегі үшін»  медалімен марапатталды. Қазақ ССР еңбек сіңірген кеншісі.  СССР Жоғарғы Кеңесінің  Президиумының жарлығымен 1981 жылдың 2 наурызында оған  жемісті еңбегі үшін  Социалистік Еңбек Ері    атағы  беріліп, Ленин  орденімен  «Балға мен орақ» төсбелгісі  табыс етілді. 1996   жылдан бері    Евгений     Иванович   еңбек демалысында,  Рудный қаласында жасайды.

 

                     

Оқу мерекесі

22 тамыз күні Қашар кентіндегі №11 кітапхана филиалында «Кітаппен бірге әлемді ашамыз» балалар оқуы бағдарламасы аясында  «Жазғы оқулар-2019» оқу бағдарламасының жабылуы мерекесі болып өтті.

Іс-шара мақсаты: балаларды кітапты күтіп ұстауға үйрету, оқуға қызығушылықты дамыту, шығармашылық және сахналық қабілеттерін дамыту, кітапсүйгіштер әлеміне жетелеу.

 

Демалыс уақытына қарамастан балалар  жазғы оқу бағдарламасына  құрылған жоспар бойынша өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, кітапханаға жиі келіп отырды. Қыздар мен ұлдар  кітаптарды қызығушылықпен оқып,журналдармен танысып, үстел ойындарын ойнады.

Кітапхана қонақтарының бір бөлігі №1 және №2  орта мектеп  жанынан  құрылған  жазғы  лагерлердің  балалары, ата-әжелеріне қыдырып келген балалар мен  кітапхананың үнемі келуші оқырмандары болды.

Қазыбай әулие Ақпанұлының жерленген жері

Торғай жері жыл сайын жүздеген адамдар келіп  зиярат ететін киелі орындарға бай өлке, олардың  ішінде Қазыбай әулие Ақпанұлының жерленген  орыны ерекше  маңызға ие.

Қазыбай Ақпанұлының кесенесі Жанкелді ауданының Аралбай ауылының  жанында орналасқан. Қазыбай әулие Ақпанұлы ХVII ғасырда өмір сүрді. Ол өте сауатты, халқына қорған  бола білетін,  болашақты бағдарлап отыратын адам болды.Қазыбай әулиенің он бір ұрпағы үлкен бір ауыл болды. Оның ұрпағының  әрбірі бір руды  басқарып отыр.

Аңызға  сүйенер  болсақ Қазыбай уәлие  дүние саларда  туысқандарынан  өтініп сұраныпты: «Менің үш төрт күндік өмірім қалды, егер өлер болсам мені  осы жерге  жерлеңдер,киелі Түркістанға  алып бармай ақ қойыңдар» деп. Туыстар қарсы болып: «Бұл жерде онсыз да әулие жерленген, қорым соның атымен  аталған. Сіз қалай оның қасында белгісіз болып жатасыз.Қазыбай: «Бұған бола алаңдамаңдар, кімнің  күші басымырақ болса соның аты  әлі ақ  естіліп  тұрады» деп жауап беріпті.

2019 жылғы шілде айының мерейгерлері

27  шілде

Цепко Анатолий Васильевич

туғанына 60 жыл(1959-1980)

 

Анатолий Васильевич Цепко 1959 жылдың 27 шілдесінде Рудный қаласында дүниеге келді. Орта мектепті бітіргеннен кейін ол «Казмеханомонтажда» үш жыл жұмыс істеді. 1979 жылдың 6 шілдесінде  СССР  қарулы күштері қатарына  шақырылды. 1980 жылы Анатолий Цепконы Ауғанстанға жіберді, ол жерде № 51863  әскери бөлімшесінде  ефрейтор қызметін атқарды. 10 шілде 1980 жылы   Анатолий Цепко өзінің жеке қаруынан бір жаудың көзін құртты, ал миномёттен  қарсыластың екі  нүтесін отқа орады. Бұл ұрыста ол қатты жарақат алып, соның салдарынан көп ұзамай қайтыс болды. 1981 жылдың 23 қаңтарында Анатолий Васильевич Цепко Қызыл жұлдыз  орденімен марапатталды. 19 шілде  1980 жылы  Рудный қаласының  бейітіне жерленді.

 

2019 жылғы шілде айының мерейгерлері

14 шілде

Битнер Виктор Артурович

туғанына 70  жыл (1949)

 

Виктор     Артурович     Битнер      –    талантты    математик, оқытушы.   15 жылдан астам уақыт № 4  мектептің  директоры болып қызмет атқарған ол өзінің  сүйікті ісі – балаларға математиканы үйретумен  айналысуға бел буды.

В.  А.  Битнерден  сабақ үйренуге қандай балалар келеді? Осы сұраққа жауап қайтара отырып ол:  «Математика сыныбына  оқушыларды қабылдау кезінде  конкурс ұйымдастырып, үздіктердің үздігін ғана қабылдаймыз» деді.   Математикаға бейімділіктен өзге, балалар ой өрісін дамытады. Олардан көбі шахмат, шашка ойнайды,  спорттық разрядтары бар. Мен әрқашан балалардың интеллектін дамытып, мәдени білім беретін мектепті армандап едім».  Және ол  өз тәжірибесінде  тәрбиенің жаңаша түрін жолға қою үшін өз жанын сала отырып, дәл сондай мектеп ашты.

Виктор    Артурович    –   жарқын тұлға, өз ұжымы мен оқушыларының алдында  абыройлы. Оның оқушылары жайында облыс аумағында, Республика аумағындағылардың баршасы біледі. 2000 жылы  «Рудный қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.    Бүгінде Виктор Артурович  Германияда тұрады,   бірақ ол құрған №  4 мектеп гимназиясы Рудный қаласының  мақтанышы болып қала береді.

 

 

2019 жылғы шілде айының мерейгерлері

13  шілде

Омаров Қажығали Біркеұлы

туғанына 80 жыл (1939 – 2016)

 

Қажығали Омаров 1939 жылдың 13 шілдесінде Меңдіқара ауданы Қаражар ауылында көп балалы отбасында  дүниеге келді.Жеті ағайындының ішінде ол жалғыз өзі музыкант болды. Бұған ата-анасының үлесі зор еді. Алғашқы музыкалық азаны оған әкесі үйретті, ал әуеннің сұлулығын қазақ әндерін жанымен сүйетін анасы үйретті. Мектеп бітірген соң Қажығали Алматы музыкалық учелищесіне  оқуға түсіп, кейін Қызылордада институт бітірді, домбыра және хор дирижеры мамандығын алып шықты.

Омаров Қажығали Біркеұлы – сазгер және музыка өңдеуші, фортепианалық  пьеса  оқулықтарының  авторы. Ол қазақ және орыс тілдерінде көптеген әндер, балладалар,сюиттер, скерцо, романстар, Есениннің лирикалық әндері циклін  жазып шығарды, олардың  кейбірі – «Берёза», «Тёмна ноченька» – облыстық филормонияның репертуарына кіріп үлгерді. Сонымен қатар  Қажығали Омаров – Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтардың өлеңдеріне жазылған әндер  енгізілген «Великие люди поют»  кітабының авторы.

Қажығали Омаровтың  шығармашылық және педагогикалық тағдыры  сәтті  өрбіді. Оның шығармалары  түрлі музыкалық фестивальдардың дипломдарымен  бірнеше дүркін марапатталды. Оның  орындаушылық шеберлігі және  білімімен сусындаған шәкірттері  бар.

 

 

Сазгер, әнші, домбрашы Нұрхан Ахметбековтың зираты

                                                                                                                 Нұрхан Ахметбековтың зираты, Жанкелді ауданы, солтүстік-батыс Торғай ауылы.

Торғай өңірі  әрқашанда шығармашыл да дарынды  адамдарымен атақты. Н. Ахметбеков те солардың бірі. 1903 жылы Жанкелі ауданындағы Жаркеш ауылында дүниеге келген, сазгер, әнші, домбрашы, ақын-импровизатор, ҚазССР халық ақыны. Өлең жазумен ол бала кезден айналыса бастап еді. Оның мәңгілік құндылықтарға арналған, достық, махаббат, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке бағытталған поэмалары, тарихи тақырыптағы балладалары,  оған атақ алып берді.  Сонымен қатар айтыстағы өнері де Нұрхан Ахметбековтің жолын аша түсті.  1943 жылы Торғайдан шыққан ақын тұңғыш республикалық айтыстың жеңімпазы атанды. Ең белгілі айтысы  Майташ Смагуловамен.  Ахметбековтың дастандары  – «Есім сері», «Қарға» Торғай даласы туралы сыр шертеді.

«Кітапханалық қорды мәдени және тарихи  мұра  ретінде қор етіп сақтау және дамыту» Flash – семинары

Рудныйдың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ОКЖ меңгерушілері мен кітапханашыларына арналған оқыту Flash – семинары өткізілді.

Семинар мақсаты – ақпараттық технологиялардың даму жағдайларында еліміздің мәдени-тарихи мұрасын сақтап қалудағы кітапханалардың рөлін арттыру, халықтың мәдени және рухани құндылықтарын насихаттау, Рудный қаласының көпшілік кітапханаларында кітапхана қызметкерлері арасында кітап қорын ұйымдастыру жұмыстары жөнінде тәжірибе алмасу.

Семинар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» («Курс в будущее: духовное обновление»), бағдарламалық мәтін аясында өткізілді, өйткені бүгінгі күні ұлттық санамыздың рухани жаңғыруына ерекше назар аударылуда.

2019 жылғы маусым айының мерейгерлері

15 маусым

Жәнібеков Шангерей Жәныбекович

туғанына 95  жыл (1924)

     Шангерей Жәныбекович Жәныбеков жылдың 15 маусымында Орджоникидзе ауданында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы жылдары ШангерейЖәныбекович 1942 жылы медучелищенің үш курсын тәмамдаған соң Кеңес Армиясының қатарына дивизия әскерифельдшері болып қабылданды. 1943 жылдың мамырынан бастап екі жыл қатарынан Брянск, Степной және Екінші Украйна майданында қызмет етті. Белгород, Харьков, Полтава, Кременчуг, Кировоград  қалаларын азат етуге қатысып, Корсунь-Шевченковской және  Ясско-Кишиневской операциясында, Румыния,Венгрия, Чехославакия және Австрия  аймағындағы  неміс-фашист әскерлеріне  қарсы күресте тер төкті. Соғыс аяқталғаннан кейін 1947 жылдан бастап ШангерейЖаныбекович Қостанай аудандық кеңесінің денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.