Орбұлақ шатқалындағы батырлық шайқас

17 шілде   2018  жылы  12.00  ден  17.00  сағат аралығында   Рудный қ., П. Корчагин көшесі  101үйде орналасқан № 6  кітапхана филиалында

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Рухани қазына»  кіші бағдарламасы бойынша «Орбұлақ шатқалындағы батырлық шайқас» бейнеролигі ұсынылады.

 Іс – шара мақсаты  – Кең ауқымда оқырманды  қазақ халқының батырлық тарихымен таныстыру,Орбұлақ шайқасы туралы білімді насихаттау, қазақ пен жоңғар  күресін  әңгімелеу, қазақстандық патриоттық пен өз еліне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Өткізу үлгісі  –  бейнеальбом

Бейнеальбом пайдаланушыларды  қазақ – жоңғар күресінің көрінісі – Орбұлақ шайқасының тарихымен таныстырып, баяндайды.Данышпан саясатшы және кемел көшбасшы  Хан Жәңгір өзінің алты жүз әскерімен  жоңғардың 50 000 даған  әскеріне  қарсы шықты.Орбұлақ шайқасы  ерліктің, батырлық пен сөз жетпес ерліктің  айғағы болды. Бұл соғыс  ерлік пен әскери шеберліктің  әлемдік  жылнамасына енді. Үлгіні таңдау кездейсоқ емес – бұл жерде пайдаланушылар үшін барлық  ақпарат көздері  тартылған.  Бейнеальбомда  фотографиялар, бейнефрагменттер, кітаптардан  қиындылар , қазақстандық тарихшылардан интервью  –  Орбұлақ шайқасы туралы барлық  ақпарат бар.  Сонымен қатар бейнеальбомда  тарихпен танысу үшін  қол жетімді әдебиеттер тізімі бар.17 шілде күні бойы  бейнеальбом  кітапхана филиалының фойесінде қойылып, ММ ресми әлеметтік парақшасына салынған.

Кітапхана филиалы № 6 қалалықтар мен қала қонақтарын іс-шараға шақырады.

т. +7 (71431) 91139

Leave a Reply

Яндекс.Метрика