Әдеби досье «Орындалған арман»

№11 кітапхана филиалында Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және  «Бастаудан болашаққа» жобасы аясында  (жазушы, педагог С.Көбеевтың 140 жылдығына арналған) «Орындалған арман» әдеби досье болып өтті.

         Мақсаты – Спандияр Көбеевтың  өмірі және шығармашылығымен, педагогикалық және мәдени мұрасымен танысу, жастарды рухани дамыту.

Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, ауылдардағы  жаңа мектептердің ашылуына  мұрындық болған  Спандияр Көбеевтың туылғанына биыл 140 жыл болды.

Іс-шара  барысында  Қашар кентінің жоғары сынып оқушылары біздің атақты жерлесіміздің өмірбаяны және шығармашылығымен таныс болды. Қазақтың алғашқы  прозасы  болған «Қалаң мал»  романына  ерекше назар  аударылды. Романда   20 ғасырдағы қазақ  ауылдарының  тұрмысы бейнеленген. Сонымен қатар, «Орындалған арман» кітабында  жазушының  педагогикалық тәжірибесі сипатталған. Кітаптың орыс және қазақ тіліндегі нұсқаларынан  үзінділер оқылып, бейне қарау ұйымдастырылды.

Кітапхананың С.Көбеевтың мерейтойына  арналған  биографиялық пособиялары , материалдары  кеңінен  жарияланды .

Кітапхана  «С. Кобеев – литературное досье»  тақырыптық  персоналды папкасымен толықтырылды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика