«Қаламгер жерлестер»

Мемлекеттік тілдегі кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қаламгер жерлестер»  кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты:    оқушыларымызды жерлес ақындарымыздың шығармашылығымен терең таныстырып, кіші буын бауырларға

патриотттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.

Кеш ән ұранмен басталды.

Іс шара барысында жергілікті қаламгер ақындар: Ақназаров Шүкірбай. Жұмабеков Үсебай, Ахметов Қабдолла  Тұңғыш президент күнімен құттықтай отырып, ақындар өздерінің өмірбаяны мен шығармашылығымен бөлісті. Қатысқан студенттер қауымы осы ақындарымыздың өлеңдерін нақышына келтіре орындап, келген қонақтарымызға өз сұрақтарын  қойды. Кеш соңында өнерпаздарымыз Утебаев Қыдырбек өз әндерімен кешке ерекше сән берді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика