Бас жүлде қанжығада!

Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі  мемлекеттік тілдегі кітапханасының кітапханашысы 

Төлегенова Нұрсәуле Темірханқызы облыстық  кітапханашылар  сайысында үздік атанды!

 

Заманауи кітапханашылар ақпараттық қоғам мен білімнің жаңа  үлгісінің қалыптасу жолында еңбек етуде. Қазіргі заман кітапханашысы инновациялық және ақпаратты  ресурстардың үлкен ағымына бейімделіп, оны қорытындылай отырып өз пайдаланушысына ұсына білуі, кітапхана ісінің дәстүрлі негіздерін жақсы біліп, өз жұмысын сүйе де бағалай білуі тиіс! Кітапханашылар кітап пен оқуға арналған түрлі іс – шараларды өткізуде  шеберліктен алдарына жан салмайды.

Қостанай қаласындағы Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК жыл сайын өткізетін кітапханашылар сайысы кәсіби шеберліктің көпқырлылығын аша  түседі.

29 қараша 2018 жылы облыстық «Оқымысты кітапханашы» кәсіби кітапханашылар сайысының 2 туры өтті. Сайыс Қостанай облысының 40 жасқа дейінгі аудан, қала, ауыл кітапханаларының кітапханашылары  арасында өткізілді.

Конкурс финалының бағдарламасына келесі тапсырмалар  енгізілді: «Кітапханашы бейнесі» – өзін өзі таныстыру, оқу туралы әңгімелеу, жеке  әдебиетке қызығушылығы, кітап пен оқуды қозғауға бағытталған жұмысы жайында; «Кітап сөресі жанында…» – оқырманға кітап ұсыну және  «Шығармадағы кейіпкер бейнесіндегі кітапханашы» – шығарма авторы немесе әдеби кейіпкер образындағы  кітапханашының шығармашылық өнері.

Нұрсәуле М.Әуезовтың «Еңлік – Кебек» трагедиясынан Еңлік  бейнесін  сомдады, ал оның серіктесі болып, Кебек бейнесінде Дамир Абдрахманов, «Рудный құрылыс және транспорт колледжі» КГКП студенті өнер көрсетті.

Сайыскерді дайындау әдістемелік – библиографиялық  бөлім қызметкерлерінің және директор орынбасары  Ибжар Г.Ж. аз уақытын алған жоқ, дегенмен өз жемісін берді! Нұрсәуленің қарсыластары – Елена Самарских, Қарасу ОКЖ кітапханашысы (1 орын), Ульяна Зеркалий, Қостанай аудандық ОКЖ библиографы (2 орын), Айнур Нургалиева, Қарабалық ОКЖ кітапханашысы (3 орын), ал «үздік» атағына барлығы 7 үміткер бақ сынасты.

«Оқымысты кітапханашы» сайысы кітапханашылардың тапқыр да талантты, өнерлі де сауатты жандар екенін тағы бір рет дәлелдеді!

 

 

Светлана Городничая, Рудныйдың ОКЖ                                                 әдістемелік – библиографиялық бөлімінің меңгерушісі

Leave a Reply

Яндекс.Метрика