2019 жылғы қаңтар айының мерейгерлері

Құрметті пайдаланушылар. Сіздер бұл жерде  Рудный қаласының атақты адамдары –  2019 жыл  мерейгерлерімен танысасыздар. Олар туралы ақпарат айына бір рет шығып тұрады. Бұл парақша туған қаласының  тарихына қызығатын барша қауымға арналады.

қаңтар

Панченко Иван Иванович

туғанына 80 жыл (1939 – 2018)

    Иван Иванович Панченко 1 қаңтар 1939 жылы  Таран ауданының  Асенкритовка селосында дүниеге келді. Мектеп  бітіргеннен  кейін, Магнитогорск тау-кен институтына  оқуға  түсіп, инженер  мамандығын  алып шықты. 1965 жылдын  ССКӨБ еңбек қызметін  бастады. Дипломы  бар  маман Сарыбай кенбасқармасының  бұрғылау бөліміне шебер болып жұмысқа қабылданып, одан әрі сол бөлімді  басқарды.

Әр түрлі кезеңдерде  Иван Ивановичке түрлі қызметтерде жұмыс істеу бұйырды: өңдеу бөлімінің бастығы, өндіріс бөлімінің бастығы, бас инженер, Сарыбай кенбасқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Иван Иванович әрқашан өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен, жоғары кәсібилігімен, жұмысқа деген шығармашылық ізденісімен, адамдарға жақсы қарым-қатынасымен, зиялылығымен және ішкі мәдениетінің  жоғарылығымен  ерекшеленетін. Еңбек демалысына   1995 жылы  шықты.

Көпжылдар бойына сіңірген адал еңбегі үшін құрмет  қағаздарымен, алғыс хаттармен, үш дүркін Шахтёр  даңқы  белгісі  және де басқа  марапаттарға  ие болды.

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика