2019 жылғы қаңтар айының мерейгерлері

 

20  қаңтар

Ермолович Василий Михайлович

туғанына 90  жыл (1929 – 2014)

     Василий Михайлович Ермолович  20 қаңтар 1929 жылы  Минск облысының Березино ауылында дүниеге келді. 18 жыл трактор бригадасын  басқарған ол, 1949 жылы Кеңес армиясының қатарына шақырылып,танк  экипажын басқарды  1952 жылғы демобилизациядан кейін Свердловск облысының  «Волчанскуголь»  трестінде   бульдозерист,     кран машинисті,экскаватор машинисті болып жұмыс істеді. Свердловск  облысының Волчанск қаласында ССКӨК құрылысы жайында естіді. Рудный қаласында еңбек жолын  1960  жылы  Сарбай  кен басқармасында экскаватор машинисті болып  бастап,экскаватор машинистінің  бригадирі болып,      машинист-инструктор  болып  қызмет  атқарды.   Оған бригадамен жұмыс істеуді ұйымдастыру  әдістерін енгізді. Василий   Михайлович Ермолович  КазССР мемлекеттік сыйлығының  лауреаты,   1976 жылы оған Социалистік Еңбек Ері  деген  атақ  берілді. Сонымен қатар Ленин ордені, Қызыл ту ордені, «Құрмет белгісі» табыс етілді.

Зейнетке шыққанымен   Ермолович, Социалистік Еңбек Ері тобының профтехучелищелерге  шебер болып  баруға  ат салысты. Бұл жұмысқа ол өзінің 10 жылын арнады. Осы уақыт ішінде  270 жасөспірім  одан  тәлім алды. Олардың  көбісі қазіргі таңда ССГПО  АҚ  карьерінде жұмыс  істеп, кеншілер  дәстүрін жалғастырып жүр.

 

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика