«И веет древними поверьями от этих мест»

2019  жылдың 14 ақпанында    № 6 кітапхана  филиалында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында  «Бұл жерлерден  ескіліктің  лебі еседі» –  (Тарихи маршрут) атты іс-шара болып өтті.

Іс-шара мақсаты: жаңа қазақстандық  патриотизмді  тәрбиелеу, Туған өлке тарихына деген қызығушылықты дамыту.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен,  «Қазақстанның  рухани қасиеті» жобасымен  танысу. ҚазССР ҒА, Қазақстан археологиялық зерттеу  орталығының  ұйымдастырушысы  және  жетекшісі  Ә.Х.Марғұланның  қызметі  жайында әңгімелеу.

Өткізу  үлгісі  – тарихи маршрут. «Болашаққа  бағдар: қоғам санасындағы  модернизация» бағдарлы  саясатында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның рухани қасиеті» («Сакралды  география»)  жобасын  жасауды ұсынған еді . Бұл  қазақ  халқының  теңдессіз құндылығы,   ұлттық  ынтымақ пен жаңарудың  белгісіне   айналған  ерекше  атап  өтілетін   табиғат  және  мәдени мұра   ескерткіштері.

Тарихи  маршрут Қостанай  облысында  орналасқан   10 сакралды  нысаналарды  айналып өтті –  Кейкі-Батыр  кесенесі, Әбдіғаппар  Жанбосынұлының кесенесі, Аманкелді Имановтың  жерленген орыны, Міржақып Дулатов  кесенесі, Ы.Алтынсариннің  кесенесі, Жәуке Назарғұлұлының  кесенесі,Барақ Жанұзақұлының кесенесі, Екідін  ескерткіші, Бекітілген  Қамысты қонысы, Торғай неоглифтері.

Іс-шара  тақырыпқа байланысты  фидео және  слайдтармен  сүйемелденді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика