«Кітапханалық қорды мәдени және тарихи  мұра  ретінде қор етіп сақтау және дамыту» Flash – семинары

Рудныйдың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ОКЖ меңгерушілері мен кітапханашыларына арналған оқыту Flash – семинары өткізілді.

Семинар мақсаты – ақпараттық технологиялардың даму жағдайларында еліміздің мәдени-тарихи мұрасын сақтап қалудағы кітапханалардың рөлін арттыру, халықтың мәдени және рухани құндылықтарын насихаттау, Рудный қаласының көпшілік кітапханаларында кітапхана қызметкерлері арасында кітап қорын ұйымдастыру жұмыстары жөнінде тәжірибе алмасу.

Семинар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» («Курс в будущее: духовное обновление»), бағдарламалық мәтін аясында өткізілді, өйткені бүгінгі күні ұлттық санамыздың рухани жаңғыруына ерекше назар аударылуда.

Бағдарламаның арнайы жобалары – «Туған жер» және «Жаһандық әлемдегі замануй қазақ мәдениеті» кітапханалар жұмысындағы отансүйгіштікті және туған жерге деген махаббатты тәрбиелеу, ұлттық мәдени мұраны сақтау; ҚР қазіргі заман авторларының әдебиеттерін насихаттау, әлеуметтік мәдени бағдарламаларды қолдау сияқты басым бағыттағы басты жұмыстар болып табылады.

Қазіргі таңда кітапханалардың кітаптар қоры көбінесе Мемлекеттік тапсырыс бойынша әдебиеттермен толықтырылуда, және кітапханалар ақпараттық орта болғандықтан еліміздің азаматтарына рухани құндылықтар жайында мәліметтер жеткізу үшін түрлі формалар мен әдістер ойлап табады; сонымен қатар халыққа кез келген ақпарат тасушыларда ақпаратқа деген еркін және тең қолжеткізімділікті конституциялық құқықтарда қамтамасыз ететіндей кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; қоғам санасында кітапты насихаттау және оқу беделін арттыру болып табылады.

Семинардың «Кітапханалық қорларды ұйымдастыру» және «Кітап мәдениетінің нысандарымен жұмыс, басылымдарды насихаттау, кітапханалық қызметті алға тарту» басты мәселелері жайлы топтастыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Е.К. Соснина., және әдіскерлік библиографиялық бөлім меңгерушісі Городничая С.В., ұсынды.

Қорларды ашу бойынша кітапханалар қызметі туралы жұмыс тәжірибелерімен кітапханалардың меңгерушілері бөлісті («Библиографиялық шолу және әңгіме (рольдік жағдай)» – Искакова Д.Ж., «Полиграфиялық өнім» – Осипова О.А., «Кітап көрмесі» – Ненашева Ю.В.; «Сөре ішіндегі көрме» – Пономарева Н.А., Қашар кентінің № 11 модельдік кітапханасының кітапханашысы; «Буктрейлер» – Куренова В.В., «Электрондық көрме және электрондық ортада сирек кітаптар қорын насихаттау» – Павлецова Н.В., «Зоналау и Библио-коворкинг» – Есетова А.Т., директордың балалармен жұмысы бойынша орынбасары және ОБК меңгерушісі.

 

Flash – семинар барысында мамандық тақырыптар локалды талқыланды және нақты мәселелер жайлы жалпы пікір алмасу, «кітаптардың сыңалуы» ұсынымдық библиографиялардың шағын формаларын қарастыру , кітапхана қоры бойынша экскурсия және кофе-брейк өткізілді.

Семинар форматы өзгеше өтті – дөңгелек үстел (диалог және еркін әңгімелесу) түрінде, ал ауқымды бағдарламаны қызықты музыкалық үзілістер аумастырып отырды!

Семинар № 13 кітапхана филиалында өткізілді (меңгерушісі Куренова В.В.), (қоры аумағы мен дана мөлшері бойынша) жүйедегі екінші кітапхана боп саналады.

Семинардың ұйымдастырушысы және модераторы ОҚК әдістемелік библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Городничая С.В.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика