2019 жылғы қыркүйек айының мерейгерлері

23  қыркүйек

Любеля Наталья Ивановна

туғанына  80 жыл (1939-1962)

 

Наталья Ивановна Любеля  1939 жылдың 23 қыркүйегінде Волынск облысының Кречев қыстағында дүниеге келді. Нововолынск қаласының № 1 мектебінде білім алған  Наташа қабырға газеттерінің редакторы болды, өлеңдер жазды, Львовск мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне  түсуге дайындалды. Бірақ мектеп бітіру кешінде  сыныптастарымен біргелікте барлығы бірге жаңа құрылысқа немесе тыңға баратын болып шешті. Волынск  обкомы  оларға  Соколов-Сарыбай КӨБ құрылысына комсомолдық жолдама тапсырды.

1956 жылдың тамызында олар құрылысқа келді. Волыннен келген қыздарды  № 112 жиырма адамдық палаткаға орналастырып, ЖБИ-1  арматур цехының заводына  жұмысқа жіберді. Қалалық комсомол комитетінің тапсырмасымен Наташа Любеля өндірістік базаның комсомол ұйымын басқарды;  «Разрешите потревожить» сатиралық газетін редакциялады; халықтар достығының жаны болды; құрбыларына өлеңдер жазып және оқып беріп жүрді, қалалық «Знамя Октября» және  «Костанайский комсомолец» газеттеріне  мақалалар жазды. Жұмысшы жастардың мектебіне барып жүріп, универститетке түсуге емтиханға дайындалды, және крановщиктердің курсын бітіріп алды.

Оның жан-жақты белсенді жұмысы адамдар арасында танымалдылыққа жетеледі: ол туралы  радиодан  айтып, жергілікті газеттерде  жазылды.1958 жылдың тамыз айында  мұқабасына  оның түрлі түсті фотосы  басылған, журналист Ада Левиннің жақсы  лебізі жазылған  «Работница» журналы шықты. Енді Наташа өзі де құрылысшылар туралы жаза бастады. Құрылыста крановщица болып жұмыс істеп жүріп, құрылысшы жастарға  шабыт беретін өлеңдер  жазуды жалғастыра берді.

Түсу емтиханына  дайын екендігін сезінген ол 1959 жылдың тамыз айында Львов университетіне оқуға аттанды, конкурстан өтіп, оқуға қабылданды. Бірақ ол үнемі Рудныйға  қайтқысы келе берді, оның үстіне  бұл жерде оның сүйіктісі  – комсомол ұйымының хөатшысы  Алексей Честных  қалған еді. Көп ұзамай Наташа  Львов университетінен Свердловск қаласындағы  Уральск университетінің филология факультетінің журналистикасына сырттай бөлімге ауысты. 1960 жылдары  Алексей Честныхпен некеге тұрып ерлі-зайыпты атанды. Көптеген жас отбасылар сияқты Честных-Любеля  отбасы да  ел қатарлы  өмір сүріп жатты. Оларың Елена  атты қызы дүниеге келді.

Сырттай оқу  аяқталып, Наташаға  мемлекеттік емтихан тапсыру ғана қалды.   1962 жылы 28 тамызда ол күндегідей кранда жұмыс істеп жатты. Ауысым аяқталған еді. Наташа кезекті жүкті көтеріп жатқан, Наташа құйынның көтерілгенін сезді, дәл сол сәтте кабинаны  құм аралас дауыл қатты соғып жіберді.Ол әлі де қорғана алатын еді, бірақ кранның астында қаншама адамдардың жұмыс істеп жатқанын ойлап,бір қолымен жүк  котроллерін жылдам басып үлгеріп, екінші қолымен кранның  бағыттаушысын адамдар  жоқ  жаққа  бұра  бастады, кран жерге құлады.

Наташа Любелдің қайғылы қазасы үлкен құрылысқа тез таралды, адамдардың жүрегі қайғыдан қарсы айырылды. Осылай жаңа құрылыстың бес жылдық мерейтойында адам сенгісіз сәйкестік орын алды: 30 тамыз күні өзінің бірінші мерейтойын  атап өтіп және батыр  құрылысшысын жер қойынына тапсырды.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика