2019 жылғы қазан айының мерейгерлері

 

10  қазан

Сандригайло Николай Фаддеевич

Туғанына 110 жыл (1909 – 1982)

    Николай Фаддеевич Сандригайло 1909 жылы 10 қазан күні  Свердловск  қаласында дүниеге келді. Николайдың әкесі өмірденерте кетіп,  отбасын асырау үшін  анасына  қолқабыс тигізу мақсатында  жастайынан  еңбекке араласуға  мәжбүр болды. Тек 1923 жылы ғана ол Маневск ауданындағы шаруа жастарының  мектебіне түсті.Осы жерде 9 сыныпты бітіріп,  1928 жылы тау-кен техникумында оқып бастады. Николай Фаддеевич өзінің кеншілік өмірбаянын 1931 жылы Нижный Тагилде Высокогорск кен орынында  бастады.

1954 жылы СССР қара металлургия Министрлігінің  бұйрығымен  болашақ Соколов-Сарбай кен байыту комбинатының директоры болып тағайындалды. Мінезі жағынан энтузиаст Николай Фаддеевич Соколовск кен орынының жұмысын ешқандай қаржысыз, энергобазасыз, теміржолсыз және тұрғын үйсіз құрылыс алаңында бастап жіберді. Көп ұзамай дизелді  біркубты  экскаватор алынып, 1955 жылдың 13 қаңтарында қопару жұмыстары  басталып кетті. Магнитогрскіліктердің көмегімен арнайы темір шаналар жеткізілді, оларды трактормен қоса жегіп, экскаваторлар мен энергопоездерді тасыды. Өз күштерімен энергогенераторларға уақытша ғимарат құрып беріп, алғашқы құрылысшыларды жылу және жарықпен қамтамасыз етті.

Николай Фаддеевич Сандригайлоның жоғары кәсібилігінің, алға мақсат қоя білетін білгір басшылығының арқасында 1957 жылы  Соколов кені Орал заводына  жөнелтілді. Оның бастамасымен  СССР дегі тұңғыш жентектеу  фабрикасы Рудныйда бой көтерді.

ССКӨБ  директоры қызметінің 17 жылында Николай ФаддеевичСандригайло   мемлекет үшін маңызды екі тапсырманы орындады: жақсы ұйымдастырылған, үнемі  даму үстінде жұмыс жасайтын Соколов Сарбай кен өндіру бірлестігі болып қалыптасқан тау-кен комбинатының негізін қалады; талантты да жоғары кәсіби мамандар  тобын  таңдап алып, олардан  жоғары кәсіби тау-кен байыту өндірісінің  басшыларын  тәбиелеп шығарды.

Николай ФаддеевичСндригайло –  «Шахтёрская слава» төсбелгісінің толықтай иегері, Социалистік еңбек ері,  Рудный қаласының құрметті азаматы, Еңбек Қызыл Ту орденімен екі рет марапатталған.

1982 жылы ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды. Николай Фаддеевич Сандригайлоның аты  қаламыздың  бір көшесіне берілген.

 

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика