ӘулиеТүркібай атаның мазары

Наурызым ауданы Өлеңді ауылының  жанында  Түркібай ата әулиеснің  моласы бар. Ол 19 ғасырдың басында емші болып танылды.  Түркібайдың  әкесі Ақан да көріпкелдік  дарынымен халық арасында  кеңінен танылған еді, оның  өткір жанары 30-40 шақырым  қашықтықтағы  болып жатқан  оқиғаларды  дәл айтып отыратын.      Ал оның анасы  Үкі, Тастемір  әулиенің қызы, Қоянақ әулиенің  әкесі  Жолшарының  туған  апасы  болды.

Бір күні Жолшара әулие  өз қарындасы Үкіні  көріп кету үшін Ақан ауылына ат басын бұрды. Оның күйеуі Ақан дастархан басында отырып  олардың  болашағы  жайында  білгісі келіп ұлдарын дастархан басына  шақырды. Өзінің үлкен жиені  Шегенбайдың  еңбексүйгіш, байсалды болатынын айтты. Жеті жасар Түркебайдың басынан  сыйпап  отырып, Жолшара әулие оның ерекше дарынды, бүкіл қазақ халқына белгілі тұлға болатындығын меңзеді. Уақыт өте бойында құбылыстар болатынын, абайлау керек екендігін жеткізді. Түркібайдың  арқасы ұстаған кезде оның түсіне ақ киімді  кісі кірді. Ол баланың көзіне қарап, басын сипап, аяғы мен қолын   байлаудан шешті. Көрінген бене лезде жоғалып, Түркібай  құлан таза айығып тұрды. Содан бері өзінің ерекше тылсым күшімен Түркібай  адамдарды  емдеп  бастады.

Бір күні оған  замандасы  Жансегір Жаменкеұлы Бұқарадан  оралмай жатқан  ұлы жайында хабар білгісі  келіп  жүгінді. Ұлын сағынған саудагердің шешесі  көз жасын тия алмай жүрген еді. Ол кездері  саудагерлердің жолы бірнеше жылдарға созылатын. Түркібай: «Бүгін сен менің үйімде қонақ бол, ал ертең белгілі болады» деді. Таңертең шәй үстінде: «Ұлыңның дені сау, барлық малын сатып, қажетті заттарын сатып алған. Бүгін ол бір зат алып, оны басына кигені сол еді, жел ұшырып әкетті.Оның бар жоғалтқаны сол. Жақында оралады.» деді. Расында,жігіт көп ұзамай ауылына дін аман оралды.Жансегір ұлына әулиенің батасын алу үшін ұлын ертіп әкелді. Тамақтанып болған соң Түркібай ата: «Бәйбіше бас киімді әкелші».Бәйбіше жігітке айтылған болжам кезіндегі  бас киімді әкеліп береді.

Бір күні Түркібай достарымен бірге Кіші жүздегі бір досын көруге барады. Бұл Аят өзенінің құйған кезінде, көктемде болған еді.Келесі жағада олар ауылдың белгілі ақсақалына арналған асқа жиналған көптеген адамдар мен киіз үйлерді көрді. Ас беріп жатқан кісілер бұларды асқа шақырды,бірақ бұл жерден тек бір тәуліктен кейін кететінін ескертті. Сонда Түркібай әулие  асты киіз үйге дайындап,оны босатып қоюларын сұрады.Жайнамазын жайып, намазын оқыды. Ол «Тарт!»деп айқай салды. Киіз үй ішіндегі  тағамдарымен бірге  бергі жағаға  орын ауысты. Тамақ желініп,құран оқылып болған соң киіз үй орынына оралды.

Түркібай ата өлер алдында оның  моласын  қоршамауды сұранды. Қаншама рет қорған  жасалғанымен өртеніп кете берді. Сол үшінде оның бейіті  – белгісіз және нысанасыз болып қалды. Молаға әрбір келген адам  дініне қарамастан одан көмек сұрай отыра бір тас қойып кетеді. Сонымен қатар  тас астына  тиын қалдырып, орынына  өзге адамдар қалдырған тиынды алуына болады және оған міндетті түрде тамақ сатып алулары тиіс.

Өлер шағында Түркібай ата  оның күші әлі 200 жылға жететінін айтты,сондықтан да  адамдар ауруларынан сауығу  үшін әлі күнге дейін оған арнап шырақ жағып, құран оқиды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика