2020 жылғы сәуір айының мерейгерлері

28  сәуір

Болотников Сергей Николаевич

Туғанына 60 жыл

 

Болотников Сергей Николаевич 1960 жылы 28 сәуірде Қостанай  облысының Рудный қаласында туылды. 1975 жылы  № 19 орта мектебінің 8 сыныбын бітірді, кейін № 149 СПТУға  грохотовщик мамандығына оқуға түсті.  1979  жылы  СПТУды аяқтағаннан кейін ССКӨБ кен байыту фабрикасына жұмысқа орналасты.

25 қараша 1979 жылы Талдықорған облысының Панфилов қаласында Сыртқы Қарулы күштерде әскери қызметін атқарды. 1980 жылы Сергейді Ауғанстанға пулеметшы етіп жіберді. 1980 жылдың 24 қыркүйегінде Кунар провинциясының  Бач ауылының маңында болған бір ұрыста ол қолынан жарақат алды, бірақ  оқ жаудыруды  тоқтатпады. Кейін ол тағы да жараланды, бұл жолы жарақаты ауыр еді. Жолдастары Сергейді машинаға алып келді, бірақ ол сол жерде  қаза тапты.

Сергей Болотников өлеңдер мен әндер жазды, олардың барлығы Рудный өлкетану мұражайына қойылған. «Здесь, в далекой стране…», «Наш батальон уходит на задание»  өлеңдері  1988  жылы «Молодая гвардия»  баспасынан шыққан «Когда поют солдаты»  әндер жинағына енген.

Сергей Николаевич Болотников қаза болған соң Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. ГПТУ № 149 мемориалды тақтасы қойылды. 1980 жылдың 3-қазанында Рудный қаласының мазаратына жерленді.

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика