2020 жылғы тамыз айының мерейгерлері

11  тамыз

Дычко Иван Федорович

Туғанына 30 жыл

 

    Иван Федорович Дычко 1990 жылы Қостанай облысы Таран ауылында дүниеге келді. Балалық шағы ауылда өтіп, 1996 жылы Дычконың отбасы Рудныйға қоныс аударды. Иван № 10 мектеп гимназиясында, кейін Рудный индустриялды институтында оқыған. Бокспен 9 жастан бастап айналысқан.Бірнеше жыл бойы баскетбол секциясына қатынаған. Бір күні 15жасар Иван теледидардан Мохаммед Алидің  ұрысын көріп,санасына түгелдей боксты кіргізіп алады.

Жоғары көрсеткіштерге жету жолында оған керемет боксшы, тәжірибелі жаттықтырушы Владимир Шайрер көмектесті. Кейін бұл дуэтке тағы бір жатты қтырушы   – Сапабек Мукушев қосылды. Алғашқы үлкен  жеңіске Иван Дычко 2008 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алып қол жеткізді. 2010 жылы  XVI жазғы Азиа ойындарында Гуанчжоу қаласында бокс тан  күміс жүлдегері атанды. Бір жылдан кейін Бакуде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болып,2012 жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды, сонымен қатар қола  жүлдеге ие болды. Спортшының ірі жетістігі 2013 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында және 2014 жылы Инчхон қаласындағы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев атынан Иван Дычко ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері атағын алды.Қазіргі кезде Иван Дычко – «Құрмет” орденінің иегері, халықаралық спорт класының шебері,өте ауыр салмақтағы Қазақстан құрамасының боксшысы.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика