2020 жылғы тамыз айының мерейгерлері

28  тамыз

Гайнутдинова Лилия Ибрагимовна

Туғанына 80 жыл

 

    Лилия Ибрагимовна Гайнутдинова — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Кыштым қалашығында дүниеге келген,анасы жұмысшы болған, әкесі соғыста қаза тапқан.

25 жасында Рудныйға келіп, «Строитель» мәдениет үйіне жұмысқа тұрады.1967 жылы «Современник” халық театрын құрды, Горняк мәдениет сарайының  «Сигнал» агитбригадасына режиссер болды. № 2 мектеп гимназиясында  25 жыл бойы «Калейдоскоп» театр студиясын жүргізді. Лилия Ибрагимовна оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, балалармен спектакльдер қойып,театр сабақтарын жүргізді.

2016 жылы қалалық ардагерлер кеңесінің қалауымен ересек жастағы адамдарға арналған«Рампа» театры құрылып, жетекшісі Лилии Ибрагимовна Гайнутдинова болды.Әртістер- демалуды білмейтін еңбек ардагерлері.Өмірді сүйетіндер.

Лилия Ибрагимовна  бүгін де еңбек етуде. Оның шәкірттері аз емес. Олардың бірі- белгілі театр режиссері Александр Лиопа. 2018 жылы қаланың мәдени өміріне қосқан үлесі үшін  Лилия Ибрагимовна Гайнутдинова «Рудный қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды. Мадақтау 2018 жылы 10 тамызда қала күніне орай өткізілді.

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика