30 қазан күні Орталық қалалық кітапхананың оқу залында «Өзіңмен және дүниемен келісімдікте» атты құқықтық сауаттылық сабағы өткізілді. Іс – шара кітапхана ұсынған «Жастар және құқық» бағдарламасы аясында өтті. Құқықты мемлекет құру үшін құқықтық реформалармен қатар, тұрғындардың соның ішінде жастардың құқықтық мәдениетін және құқықтық деңгейін жоғарылату керек.