Кесенесі Жанкелді ауданы, Шұбалаң ауылында орналасқан. Баймырза әулие қазақтың танымал батыры болды. Өмірінде табиғаттың дарытқан сыйы, көріпкелдік пен тәуіпшілігінің арқасында халық оны әулие атап кеткен. Баймырза 13 жасқа толғанда, далада барымташылық көбейіп кеткен еді. Оның жанұясының да малдарын ұрлап әкетті, Баймырзаның ағасын ұрылар өлтіріп кеткен еді. Ол уақыттардың заңы бойынша ру өкілдерінің арасында шайқас болатын