Құлымбет Әулие Тәтібекұлы кесенесі Арқалық қаласының маңында, Қайыңды ауылынан оңтүстікке қарай 7 шақырым жерде ХХ ғасырдың басында Құлымбет Әулие Тәтібекұлының кесенесі салынды. Ол Орталық Қазақстан сәулетінің дәстүрлі үлгісінде орындалған, шаршы пішіндегі порталдық-күмбезді құрылыстан тұрады. Құлымбет Тәтібекұлы (1840 – 1913) – көрегенділік пен емдеу қасиетіне ие болған, сол үшін халықтың қадірі мен құрметіне бөленген әулие. Оның