2019 жылғы қазан айының мерейгерлері

23  қазан

Топорков Дмитрий Дмитриевич

Туғанына 115 жыл (1904-1965)

     Дмитрий Дмитриевич Топорков  1904 жылы Нижнетагильск заводы есепшісінің  отбасында дүниеге келді.  Свердловскіде ол училищені жақсы бағалармен аяқтап, кейін Бақалы кенорынында геологтың көмекшісі болып жұмыс істеді,Уральск ПТИ кен факультетінің геологиялық барлау бөлімінде  оқып,  1930 жылы кен инженері біліктілігімен бітіріп шықты. Жас, бірақ тәжірибелі маманды Свердловск қаласындағы Уралск қолданбалы минералогия институтына жіберіп, ол жерде 8 жыл жұмыс істеді. Оның қызметінің басты мазмұны Уралскдегі мырыш және темір кенін барлау болатын. Ол Уральск кенбасқармасында техникалық басшы және ірі кен барлау партиясының бастығы болды.

Қазақстанға оны республикалық кенбасқармасына бас инженер қылып жіберді. Бірақ кен барлау жұмысына қызығушылық оны Орталық Қазақстанға тартып тұрды.Бұл жерде ол Джездинск мырыш орынын зерттеді, Орталық Қазақстанның кешенді экспедициясының бас геологы болып жұмыс істеді. Уралск кенбасқармасына  мемлекеттік геологиялық бақылау  бастығы қызметіне жаңа ауыстырылымды  Дмитрий Дмитриевич ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтауға жұмсады.1946жылы ол диссертация қорғап, геолого-минералогиялық ғылымының кандидаты  атағын алды.

Ол кезде Дмитрий Дмитриевичке атақты уралск тау кен инженері-кентанушы                А. А. Краснопольскийдің 1893 – 1899жылдары қазіргі Таран ауданындағы Аят өзеніне жасаған зерттеулердің  мәліметтерін  пайдалануды ұсынды. Топорков СССР Кеңестік халық комитетінің  геология ісі бойынша бөліміне   Аят темір-кен орынына  шұғыл барлау ұсынысымен  жүгінді. 1946 жылдың соңында Топорков біздің ауданға  Николаевк кентінде АЯТ кен барлау экспедициясын  ұйымдастыру тапсырмасымен келді. Свердловск қаласынан Николаевкаға «басқарушы десанттар» келді: ГРЭ бастығы Повалоцкий Ю. П., бас  инженер Попов В. А., бұрғылау шеберлігі  мектебінің жетекшісі Морфицын В. М. және басқалар. Сол кезден  экспедицияны қаржыландыру, оны әртүрлі техникамен және құрылыс материалдарымен жабдықтау  басталды. Уральск КБ жедел байланыс орнату үшін   ПО-2  ұшағын  ұшқын – майдангер  М. Г. Сургутановпен бірге жіберді.

2019 жылғы қазан айының мерейгерлері

18  қазан

Кудрявцева Наталья Владимировна

Туғанына 60 жыл(1959)

    Кудрявцева Наталья  Владимировна  1959 жылы 18 қазанда Рудный қаласындағы құрылысшылар  отбасында дүниеге  келді. Мектепті аяқтаған соң  № 64 ПТУ (қазір – №5) оқуға түсіп – «Кең ауқымдағы  кран машинисті»  тамаша мамандықтың иесі атанды.   Кең ауқымды кран машинисті болып істеп жүрген Наталья Владимировна өз орынын тапқандай болды. Құрылыстың қызықты тіршілігі оны бүтіндей баурап алды  және жас жұмысшы үшін басты құндылық бұл шығармашылық пен адамдармен араласу болды. Дәл осы уақытта «Современник»  халық театрында                   Л. И. Гайнутдиновадан жаттыға бастады. Оның нағыз мамандығы – дәл осы жерде екендігі анықталды.  «Современникте» Наталья Владимировна 10 жылдай еңбек етті. Осы жерде өзінің жолдасын кездестірді.  1981 жылы ұлы Евгений туылғаннан кейін УМР («Соколоврудстрой» тресті) ға емес, пионерлер және оқушылар сарайына жұмысқа шықты. Ол жерде «Синяя птица» театрына жетекшілік етті, режиссурадағы алғашқы қадамын жасады.

Наталья Владимировна Кудрявцева қойған тұңғыш спектакль – С. Маршактың «Двенадцать месяцев».1986 жылы  оны «Горняков» мәдениет сарайына  «Светлячок» балалар театрына жетекшілік етуге шақырды. Сол күннен бастап ол сол жерде еңбек етіп келеді.  1987 жылы Наталья Владимировна Кудрявцева Челябі облыстық  мәдени-ағарту училищесін үздік бағамен аяқтап, ал 1992 жылы – Челябі мемлкеттік  мәдениет және өнер институтын бітірді.  1990 жылы жастар театрын құрды. Алғашында ол миниатюрлық  театр болып басталғанымен, екі жыл өтпей жатып үлкен спектакльдерді сахналап, жастар театры атанды. Ол жерде әуесқой әртістер, жоғары сынып оқушылары, студенттер мен  жас жұмысшылар өнер көрсетті. 2010  жылы «Бац» «халық театры» атағын алды.  2011 жылы  оның өнерге қосқан үлесі  Меценаттардың облыстық клубында  режиссура  жанрында марапатталды.

2019 жылғы қазан айының мерейгерлері

17  қазан

Шкурина Августина Порфирьевна

Туғанына 85 жыл (1929-1989)

    Августина Порфирьевна Шкурина 1929 жылдың 17 қазанында дүниеге келді. Үш жасында ол әкесінен айырылды, екі ағасы соғыста қаза тапты, ал соғыстан кейін анасы да дүниеден  озды. Мектепті тастап кеткен  Августина алғашында колхозда, кейін Москва құрылыс мекемесінде жұмыс істеді. Комсомолдың қолдауымен ол Москва құрылыс техникумына оқуға түсті. Бітірген соң құрылыста жұмыс істеп, бүкілодақтық  инженерлік-құрылыс институтын сырттай бітірді.

1955 жылдың тамызында мәскеулік комсомолдармен бірге Рудный қаласына  ССКӨБ құрылысына келіп, енді ғана құрылған СРС трестіне қабылданды. Алғашында өндіріс инженері, кейін  монтаждау бөлімінде болып жұмыс істеген ол  комсомол ұйымының хатшысы болып  сайланды.  Тәжірибелі басшы  Дмитрий Григорьевич Оника  оның адамдарға деген шынайы қамқорлығын байқап, тұрмыс және кадрлар бойынша өзінің орынбасары етіп тағайындады. Рудныйдағы 30 жыл еңбек еткен жылдарында  Августина Порфирьевна трестің, қаланың және комбинаттың құрылуына қызмет етті. Оған басшылық, өзінің еңбек еткен ұжымы, партиялық және қоғамдық ұйымдар   мүлтіксіз сенді.

2019 жылғы қазан айының мерейгерлері

14  қазан

Галашов Александр Васильевич

Туғанына 80 жыл (1939)

    Александр Васильевич Галашов   1939 жылы 14 қазанда дүниеге келді. Ол Рудный қаласына белгілі фотограф, фотосуретші. Фотографиялармен танысу  1954 жылы  Александрдың  туған күніне әкесі «Комсомолец» атты кең пленкалы аппарат сыйлаған күннен басталды.Алғаш түсірілімдер – бұл әрине  ата-анасы мен қарындасы болды. Александр Васильевич Қиыр Шығыстағы  Приморск өлкесіндегі  байланыс взводында  әскери қызметте болды. Суретке түсірумен айналысқаны бұл жерде де көмегі тиді, басшылық оның суретке түсіре алатынын біліп дивизиялық  газетке көмекші  етіп тағайындады. 1962 жылы әскери қызметтен босатылған ол Рудныйға көшіп келді. Алғашында кез келген жұмыста істеп жүріп, фотоаппаратын ұмытқан жоқ.Түсірген суреттерін «Рудненский рабочий» газетіне жолдап отырды.

Жұмысына немесе мамандығына қызығу  1965-66 жылдары  арта түсіп, Александр Васильевич Пионерлер сарайында  үйірмесін, одан соң Кеншілер мәдениет үйінде «Горняк» фотоклубын ашты. Клубта олар балалармен біргелікте  көрмелер ұйымдастырды, алғашында тақырыптық: портреттер, жыл мезгілдеріне сәйкес  – күз, жаз, жанрлық – натюрморттар, пейзаждар, ал кейін жұмыстар арта түсіп, персоналды көрмелер ұйымдастыра бастады.

2019 жылғы қазан айының мерейгерлері

 

10  қазан

Сандригайло Николай Фаддеевич

Туғанына 110 жыл (1909 – 1982)

    Николай Фаддеевич Сандригайло 1909 жылы 10 қазан күні  Свердловск  қаласында дүниеге келді. Николайдың әкесі өмірденерте кетіп,  отбасын асырау үшін  анасына  қолқабыс тигізу мақсатында  жастайынан  еңбекке араласуға  мәжбүр болды. Тек 1923 жылы ғана ол Маневск ауданындағы шаруа жастарының  мектебіне түсті.Осы жерде 9 сыныпты бітіріп,  1928 жылы тау-кен техникумында оқып бастады. Николай Фаддеевич өзінің кеншілік өмірбаянын 1931 жылы Нижный Тагилде Высокогорск кен орынында  бастады.

1954 жылы СССР қара металлургия Министрлігінің  бұйрығымен  болашақ Соколов-Сарбай кен байыту комбинатының директоры болып тағайындалды. Мінезі жағынан энтузиаст Николай Фаддеевич Соколовск кен орынының жұмысын ешқандай қаржысыз, энергобазасыз, теміржолсыз және тұрғын үйсіз құрылыс алаңында бастап жіберді. Көп ұзамай дизелді  біркубты  экскаватор алынып, 1955 жылдың 13 қаңтарында қопару жұмыстары  басталып кетті. Магнитогрскіліктердің көмегімен арнайы темір шаналар жеткізілді, оларды трактормен қоса жегіп, экскаваторлар мен энергопоездерді тасыды. Өз күштерімен энергогенераторларға уақытша ғимарат құрып беріп, алғашқы құрылысшыларды жылу және жарықпен қамтамасыз етті.

Достық хороводы

18 қазан күні Орталық балалар кітапханасында Рудный территориалды «Мерей» әлеуметтік көмек көрсету орталығы қарамағындағы балаларға арналып – рухани келісім күніне орай «Хоровод дружбы» қызықты да танымдық іс-шарасы өтті.

Кездесу мақсаты – бір біріне деген, басқа халықтардың салт-дәстүрі мен әдебиетіне деген құрмет көрсету,  толеранттылыққа тәрбиелеу, отандық және шетел жазушыларының әдебиетімен таныстыру.

Іс-шара «Қазақстан – Менің Отаным» бейнеролигін қараудан басталды.

Жүргізуші 18 қазан Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтілетінін еске салды – Барлығын кешіретін, қайырымдылық пен өзара келісім күні.