11 шілде күні Орталық қалалық кітапхананың оқу залында «Біздің таныс та бейтаныс орындар» атты өлкетанулық танысу болып өтті.
Мақсаты: «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасымен және Қостанай облысының сакралды орындарымен танысу; ой өрісті кеңейту; өз елі үшін мақтаныш және патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Шақырылғандар – туберкулезге қарсы балалар санаториінің балалары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағытымен, «сакралды география» және кейбір нысандармен, Қостанай облысында орналасқан құпияға толы жұмбақ мекендермен танысты. Барлық сакралды нысандар туралы айтып кету мүмкін емес, сондықтан да жүргізуші кейбір нысандарға ғана тоқталып өтті: Ы.Алтынсарин мұражайы, Омар құдығы, Екідін ауылы, Торғай өлкесі, қазақстандық Аркайым орыны.
Қасиетті де киелі жерлер туралы түсінікті сақтай отырып, оны кейінгі ұрпаққа қалдыру. Патриоттық бала кезден басталады, ал Отанға деген махаббат туған өлкеден басталады.