Рудныйдың ОКЖ кітапханаларының күндері өтті

Орталық қалалық кітапханада

Рудныйдың ОКЖ кітапханаларының күндері өтті

 

Тұрғындар назарын кітапханаға аудару және  оқырман белсенділік деңгейін арттыру, ақпараттық мәдениет пен оқу мәдениетін қалыптастыру , жаңа пайдаланушыларды тарту, кітап пен оқуды қозғау, қоғам санасында кітапхана жайында жақсы пікір қалыптастыру үшін, Орталық қалалық кітапханада  ОКЖ кітапханалары күндері өтті.

Бұл аптада үнемі келетін оқырмандарды көптеген қызықты тосынсыйлар күтіп тұрды: қызықты саяхаттар, презентациялар, танымал адамдармен кездесу, конкурстар, викториналар, ойындар, театрландырылған көріністер, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі, картиналар, кітаптар көрмесі  қаралды.

№ 6 кітапхана филиалы Қазақстанның құрметті азаматы, қоғам қайраткері, ақын Ғабдолла Ахметжановпен жылы да танымды  «Мен басқа тағдырды сұрамаймын» атты кеш ұйымдастырды, интерактивті экспозиция  «ХХ ғасыр лайфхактері», Библиодартс  «Танымалдылық портреті», шеберлік сыныбы «Көшпенділер ойыны»  «Тоғыз құмалақ» және «Асық» ойындары бойынша, мерекелік  флешмоб «Біз кітапханадамыз!»  және  фотозона  ұйымдастырды.

Қашар кентінің  № 11 үлгілеу кітапхана филиалы  өз бағдарламаларына «Танысыңыз,кітапхана!» кітапхана ішіндегі жолнұсқаушы, өлкетану ақпараттық бюросы «Сакралды география – бұл…!?»  «Руханижаңғыру» бағдарламасы және  «Бастаудан болашаққа» кітапханалық өлкетану жобасы,сонымен қатар, «Белан оқулары», жазушы,өлкетанушы, педагог Иван Беланның құрметіне өткізді. Күннің соңғы нүктесін кітапханашылар мен оқырмандар орындаған «Кітапқа және кітапханаға арнаулар» қойды.

 № 13 кітапхана филиалы экология күнін ұсынды, бейнеролик«Сакралды Қазақстан – бастауға оралу», экологиялық  турнир «Қызыл кітап беттерімен», «Қазақстан жері – сенікі және менікі» кітап көрмесін таныстыру, фотозона «Экоперіште кітапханада қонақта», картиналы галерея «Туған өлке табиғаты», балалар суреттерінің көрмесі «Жер – біздің ортақ үйіміз» және «Кездесу  «Менің сүйкімді және нәзік хайуанатым» (кітапхана қонағы –кәсіби инструктор – жаттықтырушы Малика Исмагилова и және  итбағушылар  – өз хайуанаттарын  сүйетіндер).

№ 8 кітапхана филиалының күні  Қазақстанға арналған мереке мен іс-шараларға толы болды. Дәлірек айтқанда  қазақтың танымал жазушысы Б.Момышұлымен танысу, қазақ халқының және ҚР халықтарының салт – дәстүрлерімен, ойындарымен танысу – бұл, театрландырылған кітапханалық панорама «Жазушы.Тұлға.Адам», кітапханалық  журфикс «Дәстүрлер арқауы» – «Асық» ойынының жаттықтырушысымен кездесу, Бектенов Ғалинұродың орындауындағы қазақ әндері және  этнографиялық  экспедиция «Мен досыма қонаққа барамын».

Кітапқа арналған фотокептірме  «Менің сүйікті кітабыммен портрертім» және  жеке ұсыныстар мен пікірлер көрсетілген  «Кітапханашылар  оқитын  кітаптар»  кітап көрмесі!

«Кітапхана күні» өткізілген барлық іс-шаралар «Руханижаңғыру»  бағдарламасы  аясында  өткізілді,жастар  аудиториясы   тартылды, өйткені жастармен жұмыс жасау кітапхана қызметінің приоритетті бағыттарының  бірі болып табылады, жас ұрпақ санасына өз Отанына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, және әрине кітап пен оқуға деген сүйіспеншілік!

Кітапханалар қонақтары Рудный тау-кен  технология колледжінің  студенттері, № 2 және № 5 мектеп гимназиялары, № 14, 15, 11 орта мектебінің оқушылары.

 

Акция «ОҚК Рудныйдың ОКЖ кітапханалары күндері» тұңғыш рет өткізілді!

Бұл кітапханашыларға тәжірибе алмасуға, «Жылдың үздік кітапханасы» жыл сайынғы конкурстың орытындысын шығарарда   есепке алынатын өз жұмыстарының жақсы жақтарын  көрсетуге  үлкен  мүмкіндік.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика