Ғабдоллаұлы Сатыбалды ишанның мазары

Қазақ мемориалды – мәдени ескерткіштерінің арасындағы облыстың сакралды орындарының қатарына кіретін ең бір көрнектісі, Ғабдоллаұлы Сатыбалды ишанның екі күмбезді  мазары Амангелді ауылының ескі моласына  тұрғызылған. Ғабдоллаұлы Сатыбалды  өз уақытының  әулиесі болып, жаһанды шарлады. Бала күнінен бастап дінтанумен  айналысты. Өз әкесі Шомақтан бата алып, Ташкентке  жол тартты. Ұзақ жол жүріп, көп қиыншылықтардан кейін ол Ташкенттегі  медрессеге  оқуға түсті, кейін оны  үлгілі оқушылар қатарында Бұхараға  оқуға  жіберді. Оқуға ол өзінің 14 жылын арнады, кейін  Орта Азиялық  мұсылмандар кеңесінің  мүшелері алдында емтихан  тапсырып, бір шешіммен  ишан – құрметті атағын алды. Кейін Сатыбалды өзінің  Меккеге алғаш сапары – қажылық жасады. Бұл кезде ол  танымал тұлғаға айналып, атағы туған жері Торғай даласына жетті.  Торғай Үкіметі Сүлеймен уезді  Сатыбалды ишанға шақырту жіберді. Ол оны қуанышпен қабылдады.Туған жерінде ол өз жерлестерін тек  Ислам дініне бағыттап қана қоймай, көптеген  тұрғындардың көзін ашып, сауаттылыққа бағыттады.

Сатыбалды ишан өз жерлестеріне өте  құрметті азамат болды. Оның ықпалының арқасында  ауданда бау-бақша пайда болды. Қазасынан кейін Сатыбалды Ишанды әулие санады.

– Ескерткішті 1899 жылы Сатыбалды ишанның үлкен ұлы тұрғызды. Бұл жерде жөндеу жұмыстары жүргізілгенменен  оншалықты байқалмайды. Өйткені  бұл жерде бір жұмысты бастағаннан  ауа-райы құбылып сала береді. Бір кезде жұмысқа енді кіріскенде,  мазарды айнала боран соға жөнелді. Ауылда күнжарқырап тұр, ал  мұнда ештеңе көрінбейді, дейді  Сатыбалды ишанның тікелей ұрпағы  Аскербек Мурзин. Ғимаратты ішінен жөндей отырып, маманды Алматыдан шақырттым, бірақ ол  жұмысқа бірден кіріскен жоқ, тек мен  бірінші  кірпішті қалағаннан кейін ғана – дейді ол.

Халық арасында  Сатыбалды ишан жайында  көп тарих сақталған. Аңыздардың бірі, оның қазір  мазары тұрған жерде  бұрын  жыландар ордасы болған екен дейді. Бірақ  көнекөз қариялардың айтуы бойынша, Сатыбалды ишан  дұға оқып бұл орынды  улы  жыландардан  тазартан екен. Әулие Ғабдоллаұлы Сатыбалды ишанның  мазарына  зияратету үшін, одан  дерттеріне дауа сұрау үшін жүздеген жылдар бойы  әлімнің  түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келіп жатады. Мазарға сондай ақ оның кіші баласы  Файзулла және  досы Омар кәлпе де жерленген.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика