Құтан әулие мазары

Қостанай облысының  сакралды орындарының картасына енген  киелі орындарының  бірі  Амангелді ауданы  Қарынсалды  өзеніне  жақын маңайда  орналасқан Амантоғай  ауылының  маңындағы  Құтан әулие  мазары.

Құтан Аталықұлы  (1690 – 1780) найман  руынан  тараған, халық оны «әулие» атаған, әулие дейтін  себебі  оның  көріпкелдік  қасиеті болған. Құтан әулие өзінің даналығымен, ақылдылығымен  ерекшеленген. Халық оны  «Бағаналының төрт тағаны» деп  атаған. Оның  Абылайханның кеңесшісі  болғанын  халық растайды. Құтан әулиенің отаны – Ұлытаудың  етегінде  болған. Торғай даласына  ол өз ауылымен көшіп келген. Бұл жерде  ол жылқы бағумен айналысқан. Ол өзінің о дүниеге  аттанар шағында өсиет қылған,  оның денесін  түйеге артуды және сол түйе  қай  жерге  барып  тоқтаса  сол жердің  қойнауына  денесін  қоюды  сұрағаны  туралы  аңыз  бар. Туыстары  оның  соңғы  тілегін  орындаған. Керуен алыс жолмен  ұзақ жүріп, түйе  тізесін бүгіп  жерге шөккен  жерге  оның  денесін жерлеген, содан Құтан әулиенің жатқан мазары  пайда болған.

Әулиенің  ұрпақтары  1977 жылы  әулиенің  денесі қойылған жерге кірпіштен мазар  орнатып бастады. 2008 жылы жаңа кесене құрылды. Тіпті оның өліміне  екі жүз отыз жылдан астам уақыт өтсе де адамдар оның  құдірет  күшіне  сенеді.  Мазардан  алыс емес  жерде  шағын  үйшік тұр, онда  жолаушылар  түнеп  және  әулие  рухына  тағзым етеді.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика