5 қаңтар
Виноградов Феликс Андреевич
туғанына 75 жыл (1944-2013)
Феликс Андреевич Виноградов 1944 жылы Шұбаркөл қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келді. 1959 жылы оның отбасы Руднай қаласына көшті.Ата-анасына көмектесу үшін Феликс 1961 жылы кәдімгі мектептен жұмысшы жастардың кешкі мектебіне ауысып, жұмысқа тұрды.Ол «Казсантехмонтаж» монтаждау басқармасына үйренуші темір ұстасы болып жұмысқа тұрды. Екі жылда 3- санаттағы ұста-сантехник болды және 1965 жылы «Рудныйсантехмонтаж» басқармасына жұмысқа қабылданды.
Феликс Андреевич спорттың әр түрімен айналысты, тіпті досымен бірге «Рудный» спортклубын ұйымдастырды. 1968 жылдың қазан айында «Рудныйсантехмонтаж» басқарма бастығы өзінде спортмектеп кәсіпорынын құрып, ал баскетбол бойынша жаттықтырушы етіп Феликс Андреевич Виноградовты тағайындады. Ол іскерлігімен және жылдамдығымен ерекшелене отырып, өзінің жаттықтырушылық және ұйымдастырушылық қабілетін де көрсете білді. Ол Рудныйдағы баскетбол федерациясын басқарды, Жалпықазақстандық спартакиаданың баскетбол турнирінде облыстық командаға жетекшілік етті. Кейін Феликс Андреевичке мұз айдынына иелік етіп Рудныйдың тұңғыш хоккейный командасын құру тапсырылды. Хоккейшілерді жаттықтыра отырып, олармен бірге өзі де ойнап, ойын әдемілігі мен шеберлігін көрсете білді. Өз қызығушылығымен қалалық шайбалы хоккейдің дамуына үлес қосып, хоккей бойынша облыстық федерациясына дейін өсті. Оның вице-президенттігіне кандидатура ізделген кезінде Виноградовтан басқа кондидатура болған жоқ.
Сосын Феликс Андреевичті жергілікті жарыстарда төрешілікке шақырды, онда ол өзінің туа біткен дарынын көрсете білді – ол өз кәсіптестеріне қарағанда мінсіз төрешілік деңгейіне дейін көтерілді және облыста бірінші болып Республикалық төреші санатындағы атақ берілді.
24 мамыр 2013 жылы ауыр науқастан кейін Феликс Андреевич Виноградов мезгілсіз дүниеден өтті. Ол спортқа сенім және ақиқатпен қызмет көрсетті. Өмірін арнаған спортқа шексіз махаббатын тәрк етті.