Сейтқұл Маманұлы ескерткіші

Сейтқұл  Маманұлы (Қыпшак Сейтқұл) (1770-1830) – белгілі жер бөлуші. Торы қыпшақ ұрпағы болып табылады. Көптеген жерлерді аралай келе ол, Торғай даласына, Қабырға  өзенінің бойына  қоныстануды ойлады. Торғай даласына бидай, арпа, қауын, қарбыз, асқабақ, жүзім тұқымын алып келіп, оларды жерге еге бастады.Қыпшақ Сейтқұл Маманұлы бесаспап шеберліктен басқа, өткір тілді шешендікті де меңгерді. Халық  арасында Қыпшақ Сейтқұлдың айтқан: «Егін ексең – таршылық көрмейсің», «Өзен жағасын қоныстанған аштықты көрмейді» деген  сияқты көптеген  даналық сөздері кеңінен жайылған. Осы және өзге де көптеген  қанатты сөздері  бүгінде мақалға айналған. Оның  жетекшілігінде еңбектенген  жер игеруші шаруа қожалықтары 30 дан 400 ге жетті. Оның өмірі Ы.Алтынсариннің  «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесіне  арқау болды.

1830 жылы Жанкелді ауданының Қарабидайық елді мекенінде  қайтыс болды. Бұл данышпан адамды  құрметейтін қалың ел бүгінде  дәл солай Қабырға өзенінің жағалауында тұрып жатыр. Содан бері жұмысынан  айырылып, жоқтыққа ұшыраған адамдар астық егумен айналысады, жалқауланбай еңбек еткен жандар араға жылдар салып  өзге адамдармен тең дәрежелі ауқатты адамдарға  айналып жатады.

Жанкелді ауданының  Көкалат  ауылында  Қыпшақ Сейтқұлға арналып  тегіс  бесбұрыш  бейнесінде қызыл кірпіштен  ескерткіш  тұрғызылды. Ескерткіштің дәл ортасында  жазулармен және оюлармен өрнектелген  үш мәрмәр  тақта  орнатылған. Тақтаның үстінде  металдан жасалған балға мен орақ  нақышталған.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика