Тарихи – өлкетану хронограф «Қаланың туылу хроникасы»

Тарихи – өлкетану  хронограф  «Қаланың туылу хроникасы» (Николаевск  қонысының  құрылысы басталғанына 140 жыл)  «Бастаудан болашаққа»  жеке өлкетану жобасы аясында  Қашар кентінің №11 кітапхана филиалында 8 ақпан күні  №1 орта мектебінің 8»в» сынып оқушылары үшін өткізілді.

Іс-шара мақсаты туған өлке тарихы бойынша білімді кеңейту; Қостанай қаласы тарихының айрықша беттерімен таныстыру; азаматтыққа тәрбиелеу, өзінің туған өлкесіне деген патриоттыққа тәрбиелеу.

Кездесу  қостанайлық  ақын және жазушы  Черныш Петр Максимовичтің  керемет ақындық өлең жолдарымен басталды:

«Ты прекрасна, степь моя родная,

И в цвету, и в саване снегов.

Мы живём в далёком Кустанае,

Только сердцу ближе нет его».

Әрбір адамға өзінің туып өскен үйі  орналасқан  туған өлкесі айрықша қымбат.

Облыс орталығының дамуы мен құрылу жолының  барлық  негізгі деңгейлері мен жолдары  көрсетіліп өтті: біздің өлкеміз ол кезде қандай болды? Балалар XIX ғасырдың ортасындағы  қайта  көшіру туралы; революцияға дейінгі  және кеңес үкіметінің құрылған кезіндегі Қостанай, ұлы отан соғысы жылдары; тың игеруге байланысты қала және облыс тұрғындарының өсуі,қаладағы түрлі сәулетті ғиамраттардың пайда болуы жайында, тарихи құндылықтар, Ресей мен Азияны байланыстырып тұрған  ХХ ғасырдың бас жағындағы және 1879 жылы құрылған  ірі сауда орталығы туралы,Қостанайдың қазіргі жағдайы жөніндегі  көптеген қызықты мәліметтерге қанық болды.

 Әңгіме облыс орталғының даму белестері туралы мультимедиялы презентацияларда ұсынылуға түсірілген  бейнежазбамен  сүйемелденді.Балалар  қалаға  виртуалды саяхат жасап, қаланың  түрлі  жерлерімен танысты (құжатты  фильм «Костанай.130 – жыл», бейнесюжет «Туған Қостанай»).

Leave a Reply

Яндекс.Метрика