Жастар және жастар оқуы күні «Жас болу – демек білімді болу!» № 8 кітапхана филиалында 18 ақпан күні болып өтті.
2019 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Жастар жылы болып белгіленді. Бүгінде білімі жоқ адамды табысты адам деп айтуға болмайды. Кітапханалық іс-шара «Жас және білімді» № 10 мектеп гимназиясының 10 сынып оқушылармен бірге өткізілді.
«Трендте бол – оқы!» – жастар оқуына арналған кітаптарға шолу осылай аталды. Өмірлік пәлсапалар мен ақиқат ісздеу ешкімді бей-жай қалдырмады. Дж. Селинджер «Над пропастью во ржи», С. Коллинз «Голодные игры», Л. Оливер «Прежде чем я упаду», Х. Хоссейни «Тысячи сияющих солнц», Э. Сиболд «Милые кости» – жүргізуші осы кітаптарға кеңінен тоқтала кеткенімен, оқылуы қажет және мүмкін кітаптар тізімі жетерлік болды.
Әдеби портрет «Мастер и его Маргарита» М. Булгаковтың шығармашылығына арналды. Айрықша құжатты кадрлар, фильмдерден үзінділер, замандастарды еске алу, «Мастер и Маргарита» кітабына буктрейлер жасау – залда жұмбақ та құпия атмосфера орнатты. Оқушылар Булгаков жайында мектеп бағдарламасы ұсынғаннан да көбірек біліп және оның шығармалары арқылы кейіпкерлерді ұнатып қалды.