2019 жылғы қантар айының мерейгерлері

20  наурыз

Гордиенко Раиса Фёдоровна

туғанына 75 жыл (1944)

 

Раиса  Фёдоровна  Гордиенко  1944 жылы 20 наурызда  Украинада,   Ворожба елді мекенінде туылды.  Оның әкесі  Фёдор Макарович Логвин  колхоз есепшісі,  анасы Евдокия  Яковлевна  қатардағы колхозшы, олардың әдемі дауыстары болды, халық әндерін  құйқылжыта орындады. Олардың алты қызы мен екі ұлы өсе келе  отбасылық хорға  айнала бастады. Үш жасар қыз және оның  кіші сіңілісі Раиса сол жерде өзінің музыкалық карьерасын бастады.  Бұл отбасы бүкіл  Украинада  тек қана өздерінің  әдемі әндерімен емес, сонымен қатар ұжымдық еңбекқорлығымен де көзге түсті.

Хормен бірге түрлі іс-шараларға  қатысып жүрген Раиса көркемөнерпаздар шығармашылығында баянның  алатын орыны ерекше екендігіне көз жеткізе отырып  баянүйренуге деген ынтасы арты түсті. Раиса 7 сыныпты  бітірген бойда  10 айлық баянист-хормейстр  курсына оқуға түсті.  1960 жылдан бастап ол колхозда болсын, өндірісте болсын үнемі көркемөнерпаздарға жетекшілік ете отырып оқып жүрді.

Қостанайдағы салынып жатқан жаңа құрылыс жайында хабар оның отбасына да келіп жетті. Бірінші болып оның сіңілісі, кейін Раиса  Фёдоровна күйеуімен келді. Рудныйда ол еңбек жолын жалғастыра отырып,  шығармашылықпен де айналысты. Алғаш фабриканың комсомол  комитетінде, кейін   ГПТУ-149  жұмыс істеген ол сол жерде хор ұжымдарын ұйымдастырды. Әрі қарай «Железобетонстройдеталь» трестінде жұмыс істеді. Ауыр дерттен кейін көз жұмған күйеуінен 2 баласымен  жесір қалған ол  қарап отырмады: Құрылыс техникумын сырттай оқып бітіріп, лаборант қызметінен құрылыс материалдар зауытының цех  басшысының  орынбасарлығына дейін көтерілді. Тағы да жатақхана  хорына жетекшілік етті. Осы жылдарда зауыт ұжымы оны  кәсіподақ төрайымы және екі рет халық депутаттарының қалалық кеңесіне сайлады.  1986 жылы «Востокэнергочермет» трестіне жұмысқа тұрған Раиса  Фёдоровна  ол жерде  зертхана, қойма басшысы, кәсіподақ төрайымы және көркемөнерпаздар орталығының ұйымдастырушысы болып    12 жыл жұмыс істеді.   Кәсіпорын  тараған кезде ол  жұмыссыз қалды, бірақ атағы қалған жоқ.

1994 жылдың желтоқсан айында  года   Н.  М.  Угольникованың басшылығындағы  украин қоғамдастығына    Раиса  Фёдоровна  келіп  украин әндерінің «Мрия» хорын  ұйымдастырды. 1995 жылдың 29 қаңтарында  құрамындағы 8 әншісімен  тұңғыш концертін берді. Бүгінде хорда 30 дан астам адам ән салады, оның репертуарында  7 дәстүрлі қойылым, украин, орыс және қазақ тілдерінде  180 нен атам әндері бар. Соның ішінде орыс ақындарының сөздеріне Раиса Гордиенко музыкасын  жазған  17  ән бар.   «Мрия» хоры  барлық қалалық және облыстық фестивалдарға қатысып,  жүлделі орындар алып, дипломдар, сыйлықтар, мақтау қағаздары мен марапаттаулар алып жатады. Сонымен қатар ұжым Қазақстандағы Украин елшілігінен  «Украин мен Қазақстан арасындағы достық ынтымақтың нығаюына және украин халықтарының шығармашылығын дамытуына қосқан үлесі үшін»  деген мәтіндегі алғыс хат алды.

Раиса  Фёдоровна Гордиенко үшін  біздің қаламыздың мәдениет пен өнеріне қызмет еткеніне 50 жыл толғандағы мерейтойының ең бір  жоғары деңгейдегі марапаты «Орбита» залындағы лық толы  оның талантына табынушылардың  ресми түрдег құттықтауларынан өзге, марапаттаулар мен гүлдер, оның атына айтылған керемет алғыс сөздер мен тілектер болды.

2014 6 тамызында оның  70 жылдығы мен   «Мрия» хорының 20 жылдығы қарсаңында  Раиса Фёдоровна Гордиенкоға  «Рудный қаласының құрметті азаматы»  деген атақ берілді.

 

 

Leave a Reply