Қостанай облысының киелі жерлері

2019 жылы  27 ақпанда Орталық балалар кітапханасында №19 орта мектептің 7 «А» сыныбы үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасы аясында «Қостанай облысының киелі жерлері» атты виртуалдық дилижанс өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты: қатысушыларды Қостанай облысының киелі жерлерімен таныстыру, «кіші» Отанына деген сүйіспеншілікке және  патриоттықа тәрбиелеу.

Іс-шара қонағы Рудный қаласы Әділет басқармасының бөлім басшысы Абенова Г.У.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы айтып өтті.

Оқушылар  іс-шара барысында  Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК дайындаған «Қостанай облысының киелі жерлері мен нысандары» атты библио-карта көмегімен жалпыұлттық маңызға ие киелі жерлер: Кейкі батыр кесенесі, Амангелді Иманов жерленген жер, Ы.Алтынсарин кесенесі және Торғай геоглифтері туралы  мәліметтер алып, сол жерлерге саяхат жасады.

Виртуалдық дилижанста  презентация және  Қостанай облысының киелі жерлері туралы бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар «Сакралды Қазақстан: Отанымыздың қасиетті жерлері» атты кітап көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика