«Прима» біздің қонағымыз

2019 жыл Қазақстанда Мемлекет басшысының жарлығымен Жастар жылы болып белгіленді. Осы орайда Орталық қалалық кітапханада «Жастарға жастар жайында» жобасы аясында жаңа танысулар сағаты өтті. Жоба мақсаты – өскелең ұрпақ өкілдерін өздері қатарлы  дарынды, табысты, белсенді өмірді насихаттап жүрген, қала атымен мақтанатын, жастар ортасында өзіндік орыны бар  қатарластарымен таныстыру.

Бұл жолы кездесу кейіпкерлері «Орбита» МО «Прима» вокалдық тобының қатысушылары (жетекшісі – талантты музыкант және педагог, «Қазақстанның  100 жаңа тұлғасы» жобасының қатысушысы – Венера Тулегеновна Жаканина).

Топ мүшелері: Егор Сорокин, Далель және Сабина Балкашевалар, София Нестерова және  Александра Самохина, іс-шара жүргізішісі Ирина Журавлёваның сұрақтарына жауап қайтара отырып, көрермендерге – РПТК студенттері және  № 11 мектеп оқушыларына өздерінің шығармашылығы, қаланың мәдени өміріне  ұжымдардың қатысуы, барған конкурстары мен  фестивалдары, жеке шығармашылық жеңістерімен бөлісті.

Жарқын электронды таныстырылымдар әңгіме арқауына айналды, онда кездесу қатысушыларының  сахнадағы фотолары  жарияланды, мақтау қағаздары мен дипломдар, «Прима» тобының түрлі іс-шараларда  өнер көрсеткен сәттерінен үзінділер көрсетілді.

Жас вокалистер көрермендерді өздерінің сазды әуендерімен қуантты. Топтың орындауындағы  «Большая страна», «Али-Баба» және «Я стобой» әндері  аудиторияны  жаңғыртып жіберді. Көрермендер әншілер Александр Ермохин («Близкие люди» әнімен), халықаралық музыкалық конкурс жүлдегерлері  ДалельБалкашева ( «Я не твоё кино» әнімен), өзінің «Sway» әнін  тамылжыта орындаған  халықаралық музыкалық конкурстың арнайы жүлдесінің иегері және жеңімпазы Егор Сорокиндерді  қошеметке бөледі. Көрермендер  ДалельБалкашева  және  Егор  Сорокиннің  дуэтін өте жылы қабылдады.

Әртістер  әрі қарай алдарына қойған шығармашылық  жоспарларымен бөлісті. «Прима» тобының жетекшісі мен қатысушыларына  алғыс хаттар табыс етілді.

Кездесу әрбір жас адамның өзін көрсету мүмкіндігі бар екенін, өз талантын  ашу мүмкіндігі бар екенін дәлелдеді. Біздің қаламызда және  біздің елімізде  бұл үшін  өте  тамаша  мүмкіндіктер бар.

Іс-шара соңында  қатысушылар  назарына  «Қазақстандағы  Жастар жылы» тақырыбында  «Ел сенімі – жастар» кітап көрмесі  ұсынылды.

Leave a Reply