5 мамыр
Жантемиров Амангельды Мурзахметович
Туғанына 80 жыл (1939-1993)
Амангельды Мурзахметович Жантемиров 1939 жылы 5 мамырда Қостанай облысы Пресногорьковск ауданы Қарақамыс ауылында дүниеге келді.1959 жылы орта мектепті сәтті аяқтаған ол Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсті. Оқулыққа үңілген ұйқысыз түндерді өткізіп, мәтіндерді қазақ,орыс және латын тілдеріне аударып (қазақ мектебін бітіргеннен кейін орыс тілін үйрену керек болды), түнде вокзалда жүк тасушы болып жұмыс істеді. 1964 жылы дипломы бар жас маман сол кезде қабырғасы енді қаланып жатқан жаңа қала Рудныйға жолдама алады. Амангельды Мурзахметович – Рудный қаласындағы ЛОР қызметін ұйымдастырушылардың алғашқыларының бірі. Бүгінде Жантемировтың көптеген шәкірттері оның әдістерін қолданып жүр, олардың ішінде 17 дәрігер, олардан 12 интерн.
1976 жылы Амангельды МурзахметовичЖантемиров «Құрмет белгісі» төсбелгісімен, 1983 жылы «СССР денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды.Дәрігер-интернационалист ретінде 1984 – 1986 жылдар аралығында Ауғанстанда кеңес әскерлерінің құрамында қызмет етті.«Ауған халқынан алғыс» медалімен марапатталды. Рудный қалалық маслихатының шешімімен 1997 жылдың 31 шілдесінде А.М.Жантемировке Рудный қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Бұрынғы ғимараттың ЛОР бөліміне оның аты мен портреті бар мемориалды тақта қойылған.