9 мамыр
Антончик Николай Николаевич
туғанына 90 жыл (1929)
Николай Николаевич Антончик 1929 жылдың 9 мамырында Брест облысының Закапличье ауылында дүниеге келді.Рудныйға 1956 жылы шақыртумен келді. Оны Сарбайға машинист экскаватор етіп қабылдады. Николай Николаевич ЭШ-4/40 № 2 эксковаторын монтаждауға қатысты, ал 1957 жылдың қыркүйегінде ол жаңа үлгідегі экскаватормен жұмыс істеп бастады. Бір күні ол штурвалдың артында жұмыс істеп жатқанда экскаватор ондаған шақырым жерге қозғалып кетіп, бес жүз қырық тонналық машина төмен қарай құлдырай бастады. Көмекшіге машинаны тоқтатуға бұйрық берген Николай Николаевич өз өмірін қауіпке тіге отырып, бағдарды дереу қарсы бағытқа қарай бұра бастады. Үміт ақталды – салмақ теңесіп, қауіп артта қалды.
Николай Николаевич Антончик Сарбайда он жыл бригадир болып жұмыс істеді, кейін бөлім басшысы болып қызмет атқарды. Участке бастығы қызметінде Николай Николаевич 1985 жылы зейнетке шыққанша жұмыс істеді. 1994 жылы «Рудный қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.