2019 жылғы мамыр айының мерейгерлері

31  мамыр

Першин Юрий Алексеевич

Туғанына 80 жыл  (1939)

 

Юрий Алексеевич Першин  1939 жылдың 31 мамырында дүниеге келген. Әкесі соғыстың алғашқы  күндерінде қаза болған, ол кезде Юра бірден жаңа ғана асқан сәби еді. Бір үйдің алты баласы  ауыр да  жарлы  өмірді  басынан кешті.

1955 жылы 15 жасар  Юрий  геодезист болып жұмысқа орналасуға келді, ол кезде Рудный жоқ еді, бірақ комбинат  белсенді түрде  құрылып жатқан, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кез болатын,  кадрлар өте қажет болды. Алғашында оны жасына байланысты жұмысқа қабылдамады, бірақ Николай Фаддеевич Сандригайло өз жауапкершілігіне ала отырып  жұмысқа қабылдауға  бұйрық берді.

Юрий Першинді геодезистке  үйренуші етіп қабылдады. Ол жұмысын тез меңгеріп, ұжымның толыққанды мүшесіне айналып, тұңғыш көшелер мен көптеген ғимараттардың алғашқы  құрылысшысына  айналды. 1957 жылы Юрий Алексеевич экскаваторщикке  оқыды, көптеген жылдар бойы кен қазумен айналысты. Белсенді, ашық-жарқындығымен көзге түсіп, кәсіподаққа жұмысқа тартылды: екі  кен басқармасының  кәсіподағын басқарып, комбинат кәсіподағы төрағасының  орынбасары болды. Юрий Алексеевич Першин көптеген марапаттардың иегері және Рудный қаласының  құрметті  азаматы.

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика