2019 жылғы маусым айының мерейгерлері

15 маусым

Жәнібеков Шангерей Жәныбекович

туғанына 95  жыл (1924)

     Шангерей Жәныбекович Жәныбеков жылдың 15 маусымында Орджоникидзе ауданында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы жылдары ШангерейЖәныбекович 1942 жылы медучелищенің үш курсын тәмамдаған соң Кеңес Армиясының қатарына дивизия әскерифельдшері болып қабылданды. 1943 жылдың мамырынан бастап екі жыл қатарынан Брянск, Степной және Екінші Украйна майданында қызмет етті. Белгород, Харьков, Полтава, Кременчуг, Кировоград  қалаларын азат етуге қатысып, Корсунь-Шевченковской және  Ясско-Кишиневской операциясында, Румыния,Венгрия, Чехославакия және Австрия  аймағындағы  неміс-фашист әскерлеріне  қарсы күресте тер төкті. Соғыс аяқталғаннан кейін 1947 жылдан бастап ШангерейЖаныбекович Қостанай аудандық кеңесінің денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1959 жылы Рудный қалалық партия  комитетінің  екінші хатшысы болып сайланды, 1963 жылдың наурызынан бастап  – Рудный қалалық еңбекші депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Шангерей Жаныбекович Рудныйда жұмыс істеп жүріп, біздің жас қаламыздың  қоғамдық тәртіп пен жоғары мәдениет үлгісіндегі жоғары өндірістік еңбек  қаласы болғанын қалады. Соколов-Сарыбай КБК тез арада жұмысқа қосылуын  жүзеге асыру мақсатында  жылына  26, 5 млн. т.  қуаттылық жобасына ол  қалалық кеңестегі еңбек  ұжымы  өкілдерінің  бекітуімен жарыстар мен жалпықалалық міндеттемелер жоба  шарттарын дайындады. Кейін Жәнібековты Қостанай қаласы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы етіп тағайындады. 1975 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан партия комитетінің Қостанай облыстық комитетінде  екінші хатшы болып жұмыс істеді. 1985 жылдың 21 қаңтарынан ЖаныбековШангерейЖаныбекович Республикалық министрлер кеңесінің  төраға орынбасары  қызметінен  еңбек демалысына  кетті.

«Қазан революциясы», «Отан соғысы II деңгейлі» орденімен, төрт рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Халықтар достығы» орденімен,екі рет «Ерлігі үшін» және  де басқа  Кеңес Одағының медальдарымен,  Казахстан және Чехословакия Республикасының   «Фашистерге қарсы күреске белсене қатысқаны үшін»  медалімен марапатталды. 1995 жылы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жылдығы қарсаңында  Қазақстан Республикасы  Президентінің жарлығымен Шангерей Жаныбекович Жаныбеков «Парасат» орденімен марапатталды. Жаныбеков Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің екі Құрмет грамотасына ие, Қостанай және Рудный қалаларының, сонымен қатар Қостанай облысының  құрметті азаматы болып табылады.

 

Leave a Reply