Сазгер, әнші, домбрашы Нұрхан Ахметбековтың зираты

                                                                                                                 Нұрхан Ахметбековтың зираты, Жанкелді ауданы, солтүстік-батыс Торғай ауылы.

Торғай өңірі  әрқашанда шығармашыл да дарынды  адамдарымен атақты. Н. Ахметбеков те солардың бірі. 1903 жылы Жанкелі ауданындағы Жаркеш ауылында дүниеге келген, сазгер, әнші, домбрашы, ақын-импровизатор, ҚазССР халық ақыны. Өлең жазумен ол бала кезден айналыса бастап еді. Оның мәңгілік құндылықтарға арналған, достық, махаббат, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке бағытталған поэмалары, тарихи тақырыптағы балладалары,  оған атақ алып берді.  Сонымен қатар айтыстағы өнері де Нұрхан Ахметбековтің жолын аша түсті.  1943 жылы Торғайдан шыққан ақын тұңғыш республикалық айтыстың жеңімпазы атанды. Ең белгілі айтысы  Майташ Смагуловамен.  Ахметбековтың дастандары  – «Есім сері», «Қарға» Торғай даласы туралы сыр шертеді.

Нурхан Ахметбеков – «Мың бір түн» шығыс ертегісінің  желісі бойынша жазылған  — «Қамарлы заман» дастанының, «Албан Жұпар ханым» ертегілерінің, «Июнь толқыны», «Жеңіс» күйлерінің авторы. “Күләндам” (1934) дастанында  Қазақ даласының  1932-33 жылдардағы аштығы жайында жазылған. «Аманкелді», «Үрпек соғысы» Аманкелді Имановтың  қолбасшылығымен  1916 жылы  болған   ұлтазаттық көтерілісі  туралы.  1952 жылы ол Абай атындағы  республикалық әдебиет сыйлығына лайықты болды. «Жасауыл қырғыны» дастаны үшін   Ахметбеков  Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері атанды (1963). Нұрхан Ахметбеков – тұңғыш құрылған ауданаралық театр  ұйымдастырушысы және жетекшісі.  1945 және 1950  жылдары ол Торғайдағы Аманкелді Иманов атындағы мұражайдың  директоры болып жұмыс істеді. 1951 жылдан  55 жылдар аралығында – Торғай ауылдық кеңесінің төрағасы болды. Н. Ахметбеков 1964 жылы  16 қазанда  Торғай ауылында қайтыс болды.  Н. Ахметбековтың  мазары  солтүстік батыс Торғай ауылында.Н. Ахметбеков аты орта мектеп, аудандық мәдениет үйі және  Торғай ауылындағы көшеге берілген.

 

Leave a Reply