Қазыбай әулие Ақпанұлының жерленген жері

Торғай жері жыл сайын жүздеген адамдар келіп  зиярат ететін киелі орындарға бай өлке, олардың  ішінде Қазыбай әулие Ақпанұлының жерленген  орыны ерекше  маңызға ие.

Қазыбай Ақпанұлының кесенесі Жанкелді ауданының Аралбай ауылының  жанында орналасқан. Қазыбай әулие Ақпанұлы ХVII ғасырда өмір сүрді. Ол өте сауатты, халқына қорған  бола білетін,  болашақты бағдарлап отыратын адам болды.Қазыбай әулиенің он бір ұрпағы үлкен бір ауыл болды. Оның ұрпағының  әрбірі бір руды  басқарып отыр.

Аңызға  сүйенер  болсақ Қазыбай уәлие  дүние саларда  туысқандарынан  өтініп сұраныпты: «Менің үш төрт күндік өмірім қалды, егер өлер болсам мені  осы жерге  жерлеңдер,киелі Түркістанға  алып бармай ақ қойыңдар» деп. Туыстар қарсы болып: «Бұл жерде онсыз да әулие жерленген, қорым соның атымен  аталған. Сіз қалай оның қасында белгісіз болып жатасыз.Қазыбай: «Бұған бола алаңдамаңдар, кімнің  күші басымырақ болса соның аты  әлі ақ  естіліп  тұрады» деп жауап беріпті.

Қазыбай әулие  «Баянтанат»  өңірінде қайтыс болған, уақыт өте келе  халық ол жердің киелі екендігіне көз жеткізе отырып,  әулиенің құрметіне   «Қазыбайқорымы» –   «Некрополь Казыбая»  деп атап кеткен. Біздің уақытымызда  бұл кесенеге көптеген адамдар келіп зиярат етеді, олар  кесененің киелі орын екендігіне кәміл сенеді.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика