22 тамыз күні Қашар кентіндегі №11 кітапхана филиалында «Кітаппен бірге әлемді ашамыз» балалар оқуы бағдарламасы аясында «Жазғы оқулар-2019» оқу бағдарламасының жабылуы мерекесі болып өтті.
Іс-шара мақсаты: балаларды кітапты күтіп ұстауға үйрету, оқуға қызығушылықты дамыту, шығармашылық және сахналық қабілеттерін дамыту, кітапсүйгіштер әлеміне жетелеу.
Демалыс уақытына қарамастан балалар жазғы оқу бағдарламасына құрылған жоспар бойынша өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, кітапханаға жиі келіп отырды. Қыздар мен ұлдар кітаптарды қызығушылықпен оқып,журналдармен танысып, үстел ойындарын ойнады.
Кітапхана қонақтарының бір бөлігі №1 және №2 орта мектеп жанынан құрылған жазғы лагерлердің балалары, ата-әжелеріне қыдырып келген балалар мен кітапхананың үнемі келуші оқырмандары болды.
Жаздың үш айында кітапханаға 115 пайдаланушы жазылды, олардан 16 ересек. Көптеген оқырмандар бізге әдебиеттердің тізімін ала келді. Қорытынды жасай келе 4396 дана баспа өнімдері оқуға ұсынылғаны белгілі болды.
Жаз мезгілі тез өтіп кетті, енді «Жазғы оқулар – 2019» жазғы оқулар бағдарламасы аясында балалар абонементінің үздік оқырманын анықтау уақыты келді.
Көшті бастап тұрғандар:Шайхутдинова Кира, 2-сынып оқушысы, әдебиеттер тізіміндегі барлық кітаптарды оқып шыққан; Андрушко Галина Севастьяновна – өзінің 4-сыныпта оқитын немересін әдебиет бағдарламасымен қамтамасыз еткен әже;
Санников Илья, 2-сынып оқушысы, сүйікті шығармасына арнап сурет салып, «Жаздың жүз беті» мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы (конкурс Жазғы оқулар бағдарламасының ашылуында хабарланған еді); Кальная Татьяна, 8-сынып оқушысы, кітапханалық іс-шаралардың белсенді қатысушысы, жазғы мезгілде кітапханаға 18 рет келген.
Мәнерлеп оқу сайысында 8 қатысушы болды. Олардың барлығына мақтау қағаздары мен сыйлықтар үлестірілді. Конкурсты мерекенің басты кейіпкерлері Кітаптар ханшайымы, Дымбілмес және Қызыл телпек жүргізіп отырды.
Кітаптарда демалыс болған жоқ… Кітаптар өз оқырмандарын күтуде!