2019 жылғы қыркүйек айының мерейгерлері

29  қыркүйек

Белянин Сергей Васильевич

туғанына 55 жыл (1964 – 2019)

 

Сергей Васильевич Белянин 1964 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келді. Ол ерекше жаратылған шығармашылық адамы. Өнерге деген қызығушылығы бала кезден басталды. Көршісі, ерікті  суретші  Юрий Васильев  бейнелек өнерімен жәәне суретке  түсірумен айналысатын. Жеті жасар баланы алуан түрлі бояумен таныстырып, өнерге баулыған сол еді.

Сергей Белянин саудагерлікпен айналысты, кейін ССКӨБ  күзетші болып жұмыс істеді.  Бірақ бір күні ол суретшілер Сергей Казанцев және Игорь  Качаевтармен танысып, өнермен айналысып кетті.  1996 жылы  өз өмірін  мүсіншілікке бағыттады.

Бірнеше жылдың ішінде  Белянин халық арасында суретші ретінде өз орынын тапты.  Белянин жұмыстарында  ұшудың ерекше сезімдері суреттеліп, олар әрқашан жоғарыға, аспан мен күнге ұмтылды. Ол кез келген дүниеден ерекше зат жасай алады: ағаш, сымдар, шанышқы, пластик, болттар, гайкалар, бұрандалар, картинаны  қылқаламмен және  саусақ ұштарымен сала алады. Оның есебінде бүгінгі күні көптеген  көрмелер мен  перформанстар бар,  2005 жылы Рудныйдың тарихи-өлкетану мұражайында Сергей Беляниннің «Фантазии во времени» атты жеке еөрмесі ұйымдастырылды,  2009 жылы Орталық қалалық кітапханада  оның жұмыстарымен «Творения полны мелодий»  көрмесі  ашылды. Оның өзінің  табынушылары мен  коллекционерлері бар, барлық жағынан алғанда ол –  табысты да танымал суретші. Оның 600 ден астам жұмысы бар. Олар бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріне  – СНГ елдеріне, Балтық, Германия, Бельгия, Голландия, тіпті Вранция мен Англияға  таралған.

Бірақ  мүсіндеу мен бейнелеу сабағынан  басқа  ол өлең жазады, бірақ оны жарияламай тек достары мен  өі үшін ғана жазады. Бұл да кездейсоқ емес: адам дарында болған кезде, ол жан жақты болады. Сергей Васильевич 2019 жылдың 17 наурызында  науқастан көз жұмды.

 

 

 

Leave a Reply