Қамысты ауданының маңызды ұлттық – мәдени нысандарының бірі – жоңғарлармен соғыста ерлікпен қаза тапқан әскерлердің жерленген қорымы.
Аталған қорым жайында Қостанайлық және Алматылық тарихшылардың күш салуына қарамастан айғақтар өте аз. Ол XVIII ғасырда пайда болған. Содан бері үш ғасыр өтсе де ұрпақтан ұрпаққа ауызша жалғасып келе жатқан мәліметтер ғана бар. Содан бері әлі күнге тарихшылар ескерткіштерде қалып кеткен жазбаларды анықтай алмады.
Қазіргі Қамысты ауданының аумағында қазақ халқының әрі қарай тағдырын шешіп беретін ірі тарихи оқиға орын алған еді.Ауданның оңтүстігінде Қара-Сиыр жазғы орналасқан. Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы: «1726 жылы Тайлақ және Саурақ батырлардың басқаруымен Ұлы жүз бен Кіші жүздің әскерлері бірігіп Қара-Сиыр елді мекенінде жоңғарлармен қатты шайқасты» деп жазды. Бұл соғыстың жеңіс нүктесін Аңырақай шайқасы қойған еді. Бұл жеңістің нәтижесі қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан толықтай тазартты.
Ұрқаш ауылына жақын маңайда орналасқан мазардағы тастан жасалған құлпытастар қамыстылардың есіне ата-бабаларының ерлігін мәңгі түсіріп тұрады.