17 қазан
Шкурина Августина Порфирьевна
Туғанына 85 жыл (1929-1989)
Августина Порфирьевна Шкурина 1929 жылдың 17 қазанында дүниеге келді. Үш жасында ол әкесінен айырылды, екі ағасы соғыста қаза тапты, ал соғыстан кейін анасы да дүниеден озды. Мектепті тастап кеткен Августина алғашында колхозда, кейін Москва құрылыс мекемесінде жұмыс істеді. Комсомолдың қолдауымен ол Москва құрылыс техникумына оқуға түсті. Бітірген соң құрылыста жұмыс істеп, бүкілодақтық инженерлік-құрылыс институтын сырттай бітірді.
1955 жылдың тамызында мәскеулік комсомолдармен бірге Рудный қаласына ССКӨБ құрылысына келіп, енді ғана құрылған СРС трестіне қабылданды. Алғашында өндіріс инженері, кейін монтаждау бөлімінде болып жұмыс істеген ол комсомол ұйымының хатшысы болып сайланды. Тәжірибелі басшы Дмитрий Григорьевич Оника оның адамдарға деген шынайы қамқорлығын байқап, тұрмыс және кадрлар бойынша өзінің орынбасары етіп тағайындады. Рудныйдағы 30 жыл еңбек еткен жылдарында Августина Порфирьевна трестің, қаланың және комбинаттың құрылуына қызмет етті. Оған басшылық, өзінің еңбек еткен ұжымы, партиялық және қоғамдық ұйымдар мүлтіксіз сенді.
Кадрлық өсуіне үміт сыйлап, облыстық партия комитеті Августина Порфирьевна Шкуринаны Қазақстан КП Орталық комитеттің жанындағы жоғары партиялық мектепке аттандырды. Осылай ол өзінің білімінің арқасында кеңестік және партиялық жұмысшы деңгейіне дейін көтерілді. Ол бірнеше рет қалалық және облыстық партия, кеңестік, кәсіподақтық және комсомолдық ұйымдарды басқару органдарына сайланды. 1972 жылдың 19 шілдесінде Рудный қалалық кеңесі халық депутаттарының атқарушы комитетінің төрайымы болып тағайындалды. Сол уақытта біздің облысымыздан осындай жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған жалғыз әйел еді.
Августина Порфирьевна Шкурина ерен еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Ол 1989 жылы 9 ақпанда ұзаққа созылған ауыр науқастан 60 жасында көз жұмды.