18 қазан
Кудрявцева Наталья Владимировна
Туғанына 60 жыл(1959)
Кудрявцева Наталья Владимировна 1959 жылы 18 қазанда Рудный қаласындағы құрылысшылар отбасында дүниеге келді. Мектепті аяқтаған соң № 64 ПТУ (қазір – №5) оқуға түсіп – «Кең ауқымдағы кран машинисті» тамаша мамандықтың иесі атанды. Кең ауқымды кран машинисті болып істеп жүрген Наталья Владимировна өз орынын тапқандай болды. Құрылыстың қызықты тіршілігі оны бүтіндей баурап алды және жас жұмысшы үшін басты құндылық бұл шығармашылық пен адамдармен араласу болды. Дәл осы уақытта «Современник» халық театрында Л. И. Гайнутдиновадан жаттыға бастады. Оның нағыз мамандығы – дәл осы жерде екендігі анықталды. «Современникте» Наталья Владимировна 10 жылдай еңбек етті. Осы жерде өзінің жолдасын кездестірді. 1981 жылы ұлы Евгений туылғаннан кейін УМР («Соколоврудстрой» тресті) ға емес, пионерлер және оқушылар сарайына жұмысқа шықты. Ол жерде «Синяя птица» театрына жетекшілік етті, режиссурадағы алғашқы қадамын жасады.
Наталья Владимировна Кудрявцева қойған тұңғыш спектакль – С. Маршактың «Двенадцать месяцев».1986 жылы оны «Горняков» мәдениет сарайына «Светлячок» балалар театрына жетекшілік етуге шақырды. Сол күннен бастап ол сол жерде еңбек етіп келеді. 1987 жылы Наталья Владимировна Кудрявцева Челябі облыстық мәдени-ағарту училищесін үздік бағамен аяқтап, ал 1992 жылы – Челябі мемлкеттік мәдениет және өнер институтын бітірді. 1990 жылы жастар театрын құрды. Алғашында ол миниатюрлық театр болып басталғанымен, екі жыл өтпей жатып үлкен спектакльдерді сахналап, жастар театры атанды. Ол жерде әуесқой әртістер, жоғары сынып оқушылары, студенттер мен жас жұмысшылар өнер көрсетті. 2010 жылы «Бац» «халық театры» атағын алды. 2011 жылы оның өнерге қосқан үлесі Меценаттардың облыстық клубында режиссура жанрында марапатталды.
Ширек ғасыр бойы Наталья Владимировна Кудрявцеваның басшылығындағы театр әлемдік және орыс драматургиясының шедеврлерін сахнаға алып шықты, «БАЦтың» – репертуарында 30 дан аса спектакль, армандаған спектакльдердің барлығы қойылды: «Много шума из ничего», «Гамлет», «Ромео и Джульетта», «Двенадцатая ночь», «Собака на сене», «Вий» және т.б.. Қазір «Светлячок» және «Бац» театрлары өте татуы жұмыс жасайды: бір-бірінің қойылымдарына көмектеседі, балалар өсе келе жастар театырна ауысып жатады.«Бац» театры спектакльдерден «ССГӨБ»АҚ және «Горняк»МҮ ірі іс-шараларына қызмет көрсетіп, концерттік қызметті белсенді атқара отырып, қалалық мерекелерге де ат салысады. «БАЦтың» балалары актерлік және режиссерлік бөлімдерге кедергісіз түсіп, сәтті аяқтап, өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар Наталья Владимировна сарайдағы жалпы іс-шаралардың қоюшысы: мюзиклдер, шоулар, ашық аспан астындағы қалалық іс-шаралар.