23 қазан
Топорков Дмитрий Дмитриевич
Туғанына 115 жыл (1904-1965)
Дмитрий Дмитриевич Топорков 1904 жылы Нижнетагильск заводы есепшісінің отбасында дүниеге келді. Свердловскіде ол училищені жақсы бағалармен аяқтап, кейін Бақалы кенорынында геологтың көмекшісі болып жұмыс істеді,Уральск ПТИ кен факультетінің геологиялық барлау бөлімінде оқып, 1930 жылы кен инженері біліктілігімен бітіріп шықты. Жас, бірақ тәжірибелі маманды Свердловск қаласындағы Уралск қолданбалы минералогия институтына жіберіп, ол жерде 8 жыл жұмыс істеді. Оның қызметінің басты мазмұны Уралскдегі мырыш және темір кенін барлау болатын. Ол Уральск кенбасқармасында техникалық басшы және ірі кен барлау партиясының бастығы болды.
Қазақстанға оны республикалық кенбасқармасына бас инженер қылып жіберді. Бірақ кен барлау жұмысына қызығушылық оны Орталық Қазақстанға тартып тұрды.Бұл жерде ол Джездинск мырыш орынын зерттеді, Орталық Қазақстанның кешенді экспедициясының бас геологы болып жұмыс істеді. Уралск кенбасқармасына мемлекеттік геологиялық бақылау бастығы қызметіне жаңа ауыстырылымды Дмитрий Дмитриевич ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтауға жұмсады.1946жылы ол диссертация қорғап, геолого-минералогиялық ғылымының кандидаты атағын алды.
Ол кезде Дмитрий Дмитриевичке атақты уралск тау кен инженері-кентанушы А. А. Краснопольскийдің 1893 – 1899жылдары қазіргі Таран ауданындағы Аят өзеніне жасаған зерттеулердің мәліметтерін пайдалануды ұсынды. Топорков СССР Кеңестік халық комитетінің геология ісі бойынша бөліміне Аят темір-кен орынына шұғыл барлау ұсынысымен жүгінді. 1946 жылдың соңында Топорков біздің ауданға Николаевк кентінде АЯТ кен барлау экспедициясын ұйымдастыру тапсырмасымен келді. Свердловск қаласынан Николаевкаға «басқарушы десанттар» келді: ГРЭ бастығы Повалоцкий Ю. П., бас инженер Попов В. А., бұрғылау шеберлігі мектебінің жетекшісі Морфицын В. М. және басқалар. Сол кезден экспедицияны қаржыландыру, оны әртүрлі техникамен және құрылыс материалдарымен жабдықтау басталды. Уральск КБ жедел байланыс орнату үшін ПО-2 ұшағын ұшқын – майдангер М. Г. Сургутановпен бірге жіберді.
Біздің барлаушыларымыздың алғашқы табыстары Қостанай кенбарлау трестінің бас инженері Степан Дмитриевич Батищев-Тарасовтің қорытындысына негіз болған «…Аят бойында Шығыстан Оралға қарай ойысқан темір кенінің белдеуі түзіліп жатыр» деген мәлімет болды, яғни біздің Қостанай жерінде. Сонымен 1948 жылы Д. Д. Топорков Аят тау кен экспедициясының жетекшісі және бас инженермен бірге тобыл даласын нысанаға ала отырып нағыз кен барлау ісін бастады.
Аят кен барлау орынына барлау жасау аяқталған соң Соколов, Сарбай, Қашар, Лисаковск, Қоржынкөл темір кеніне, Арқалық бокситіне, Жетіқара асбестіне, Құсмұрын бозғылткөміріне және де басқа біздің облысымыздың кен орындарына зерттеулер жүргізілді. Топорков Қостанай кенбарлау трестіне бас гелог болып тағайындалып, бұл жұмыстардың белсенді ұйымдастырушысы және білікті басшы бола білді. Оның өмірінің Қостанайдағы кезеңдері ең жемісті кездер болып, оған атақ пен құрмет алып келді. Аят кеніне барлау жасауда үкімет тапсырмасын табысты орындағаны үшін ол Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Бір жылдан кейін елу жылдығында оны Ленин орденімен марапаттады. Ал 1957 жылы Соколов-Сарбай кен орынын барлауды ұйымдастырып оны ашқаны үшін Топорковқа Ленин сыйлығы берілді.
Дәл осы жылы еңбегі сіңген геологты Алматыда Қазақ минералды шикізат институтын ұйымдастыруды табыстайды. Ол ғылыми жұмысқа жан тәнімен беріле кіріседі. Оның көптеген мақалалары өмірлік және еңбек жолын айқындай түсіп, Топорков қара металл және оны барлау әдістері туралы ғылыми еңбегімен өзінің еңбек жолын аяқтағысы келді. Бірақ өмірінің соңғы сәтінде оның столының үстінде аяқталмаған жазбалар қалған еді… Дмитрий Дмитриевич Топорков 1965 жылы 16 ақпанда инфаркттан көз жұмды. Оның аты Рудныйдың алғашқы көшелерінің біріне берілді.