2019 жылғы желтоқсан айының мерейгерлері

20  желтоқсан

Киселёв Николай Иванович

Туғанына 95 жыл (1924-1980)

 

Николай Иванович Киселёв  1924 жылы 20 желтоқсанда  Семей облысында дүниеге келді.Жұмысшы отбасынан шыққан жігіт әскери болуды армандады.  1942 жылы тамызда  оны майданға шақырды. Белгісінің төртеуін  бірдей  қорғаған ол, өзін майданға аттануға дайынмын  деп есептеді, бірақ  басшылық оны саперлар қызметіне дайындауға  таңдап алды.

1943   жылдың мамырында Николай Иванович қызмет еткен бөлімше Курск маңына орналасты.Бұл жерде  біздің әскерлеріміз  жаумен нағыз шайқасқа түсуге дайындалды. Сапёрдың елу күндік  жұмысы біздің қорғанысымыздың бірінші және екінші белдеулерінің  танк өтетін жерлерін миналауға  арналды.  Бұл  тапсырма  үшін 5 шілде күні таңертең Киселёв өзінің  әскерлерімен бірге топталып  соғысқа  шықты. Бірнеше  рет бомба ойып тастаған  жерлерге мина  орнатумен қатар, қарсыластардың  танктеріне қарсы шабуыл жасауға  көмектесті. Бұл жағдайда оның  бөлім командирі – тәжірибелі  майдангер қаза тапты. Он сегіз жасар  Николай Киселёв   – қарсыласқа қарсы шабуыл жасауда күш біріктіруді   өз міндетіне алды. Комбат сол жерде  оған  Даңқ орденін  табыстап,  сержант  атағын алғанымен  құттықтады.

1943 жылдың қыркүйегінде  ол  сапёрлар  тобымен бірге  Днепрдің оң жағалауын қорғау  отрядына  қосылды. Олар тапсырылған  жерді  табысты түрде  зиянды заттардан  тазалап шықты.Тапсырманы үлгілі орындап шыққаны үшін   Николай Иванович екінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Праганы  азат ету кезінде  оның сапёрлары жаудың қазған орының  қаншамасын  тазалап шықты.Жеңіс күнінде  ержүрек батырдың  кеудесінде  үшінші дәрежелі Даңқ ордені  жарқырып тұрды .

Николай Иванович Киселёвке әскерде тағы екі жыл қызмет етуге  тура келді. Ата анасына оралғанда  Ақжалға жұмысқа орналасып, кешкі мектептің 10 сыныбына  қабылданды. Кейін ол Томскідегі индустриалды техникумына  түсіп, аяқтаған соң кен орынына  аға маркшейдер болып жұмысқа орналасты. Өзінің кен орынында 7 жыл  жұмыс істеп жүріп, 1958 жылы  Николай Иванович отбасымен бірге   Рудный қаласына  Соколов-Сарыбай  комбинатының құрылысына келді. Басында ол Южный кенішінде  аға  маркшейдер болып жұмыс істеп, кейін  Южный және Северный кеніштері біріккен кезде Николай  Ивановичті   бас маркшейдер етіп тағайындады,  ол сол жерде 20 жыл жұмыс істеді.

Үшінші  дәрежелі Даңқ орденімен қатар, Николай Иванович Киселёв Қызыл жұлдыз орденімен, екі «Ерлігі үшін» медалімен, «Праганы азат еткені үшін» және  «Германия түбіндегі  ерлігі үшін» медальдерімен, чехословакияның  «Ержүректігі үшін» және  польшаның  – «Краёва рада народова» медальдарымен  марапатталды.  Николай Иванович Киселёв  1980 жылы 5 маусым күні  инфарктен көз жұмды. Оның  атын  Москвадағы  Тағзым тауында  Ұлы Отан соғысы мұражайында  мәрмәр пилястрде  көруге  болады.

 

 

Leave a Reply