Ахмет Байтұрсыновтың жұбайы Бадрисафа Мухамедсадық-қызына ескерткіш

    Меңдіқара  ауданының Каскат  ауылының жанында  қазақтың  белгілі жазушысы және ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың досы, айнымас серігі – Бадрисафенің  ескерткіші  орнатылған. Оның негізі аты – Александра Ивановна.

Александра Ивановна Челябі облысында 1878 жылы дүниеге келді.  Ол қазақ ауылында  өсті, тілді, қазақтың дәстүрі мен салтын жақсы меңгерді, адамдармен  қарым қатынаста ашық жарқын  болды.Адамдар  оны шынайылығы үшін  жақсы көрді: жауапкершілікті сезіне білу, өзгенің  қайғысын сезе білу. Ахмет Байтұрсыновпен ол Әулиекөл ауылында мектепте орыс тілінен сабақ беріп жүріп танысты. Жас оқытушы Ахмет те сол мектепте жұмыс істеген еді. Жастар  бірін бірі ұнатып, некеге  тұруға  шешім байласты. Түрлі дін өкілдері үшін бұл әрине  қиындау еді, дегенмен шынайы махаббат  бұл кедергілерге  қарамады. 1896  жылы  Троицк  қаласындағы  мұсылмандар мешітінде  некесін  қиды, бұл  үшін Александра  Ивановнаға ислам дінін қабылдап, татардың  Бадрисафа Мухамедсадык-қызы  есімін  алды.

Олардың біргелікте  өмірі Қостанайда басталды.  Бадрисафа кәдімгі  үй шаруасындағы  әйел боды. Ол күйеуінің барлық  шаруасына  көмектесіп  жүрді. Оның қонақжайлылығының  арқасында  Байтұрсыновтың  үйі  болашақ «Алаш» партиясының көшбасшыларының  жиналатын орынына  айналды.Бадрисафа газетті қолдайтын  материалдық қордың  жеке мүшесі  болды, «Алаш» партиясына қатысты. Оның Троицк және Орынбордағы өмірінен  көптеген айғақтар  табылды. Ол жерлерде  Байтұрсыновтар біраз уақыт  өмір сүрді.

1929 жылы  Ахмет Байтұрсыновты Архангелскіге жер аударғанда, халық жауының  әйелі  ретінде Бадрисафаны да  қызы Шолпанмен бірге Томск облысына  жібереді.Кейін оларды ажыратып, Шолпанды Томскіде қалдырып, Бадрисафаны  Батыс Сібірдің  Жуково  ауылына айдап жібереді.  1934 жылы олар отанына оралады. 1937 жылы  Ахмет Байтұрсынов тұтқындалып, ату жазасына кесіледі, ал  Бадрисафаны тұтқындап Свердловск  облысына жер аударады. Бұл жерде ол қатты науқасқа шалдығады. Содан бері Ахмет Байтұрсыновтың өмірлік серігі, айнымас досы  Бадрисафаның өмірінің соңғы жылдары  туралы  сталиннің қатал тәртібінің  кесірінен  күйеуінен айырылған  ауыр тағдырынан өзге  ешқандай анық дерек жоқ.

Кейбір  айғақтарға сүйенсек ол Қостанай облысының Александровка ауылында   жан дүниесі ауруға шалдыққан адамдарға арналған приютта  қаза болған. Бірақ екінші нұсқа да бар.  2009 жылдың маусым айында «Егемен Қазақстан» газетінде Қостанайлық  журналистка  Назира Жарымбетованың мақаласы шықты. Бұл мақалада  Есімхан Тұрлыбеков деген ақсақалдың айтуы бойынша, шамамен 1947 жылдың қараша айында  Меңдіқара ауданының Каскат ауылында  Александра есімді  орыс әйелі пайда болған. Оны  кезінде Ахмет Байтұрсыновпен  жақын араласқан біздің жерлесіміз Қасым Тоғызақов  ертіп  жүрді.  Қасым Тоғызақов  ол  әйелді  Есімхан  Тұрлыбековтың үйіне  ертіп алып келіп, оның  атақты  жазушының  әйелі екендігін, бірақ бұл ақпаратты  құпия  ұстап  оған  тұрғын үйден  жәрдем  беруін өтінген  болатын. Есімханның  айтуы  бойынша, әйел ұзын бойлы, сұлу,  ұзын шашты  еді. Оның басында  татарша  байланған  ақ орамалы болған. Кейінірек  Тұрлыбеков Бадрисафаның  суретін көріп, ол әйелдің  дәл өзі  екендігін дәлелдеген.  Ол Каскатта бір жарым жылдай өмір сүрген.  Бір күні  қалың  күздің кезінде Александра  ауыл  маңындағы  өзенге  кетіп, содан  оралмапты. Есімхан және оның әкесі оны іздеп, өлі денесін тауыпты. Діни  сенімдерге  байланысты  орыс әйелін  қорымға  жерлей алмаған  олар, әйелдің денесін  қорымның  сыртына  қойыпты.

2012 жылы  Бадрисафаның денесі қойылған жерге  Ахмет  Байтұрсыновтың  туыстары  қаражат  шығарып  ескерткіш қойды. Ол ақшыл сары кірпіштен  өріліп, Бадрисафаның  қысқаша  өмір баяны жазылып,портреті қойылды.Негізі қыш тақтайшалардын өріліп,өте биік емес металмен  қоршалды.

 

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика