Олег Осинцев “Музыка судьбы”

22 желтоқсан  2019 жылы Орталық қалалық кітапханада  қала тұрғындары үшін  «Шақырылған  қонақ»  циклінде  талантты да қызықты, рудныйлық ақын, Москваның  «Әлем халықтарының өнері» ассоциациясы   жүлдесінің  жеңімпазы, «Жұлдызды  тоннель» , «Тағдыр музыкасы»  кітаптарының  авторы  – Олег  Сергеевич  Осинцевпен   оның   «Во мне не гасит ночь зарю…»  атты жаңа  өлеңдер  жинағы  таныстырылатын     кездесу  кеші  өтті.

Олег Сергеевичтің өлеңдері  ақын тұлғасының  тереңдігін  сездіреді.Автор  – өлең  оқыған  уақытттың  түрлі  қасиеттері бар- олар  немесе  жанды емдейді, немесе  өлтіреді  деп  санайды. Ақын  қылқаламын  қолына  алған  адам  бұл  жайды  түсінуі  тиіс.

 1993 жылдан 1998 жылдар аралығында   Олег Сергеевич «Рудненский  рабочий» редакциясының  жанындағы  «Кладезь» әдеби  бірлестігін басқарды. Қалалық  газет беттерінде сол кездерден бастап  ақын өлеңдерінің  жолдары  оқырман  құлағына  жетті. Олег Сергеевичтің  еңбек  лирикалары  рудныйлықтардың  жанына  жақын болды.Ол Рудныймен және комбинатпен бірге өмір сүрді, жұмыс істеді және өсті.    

Өзінің энтузиазмінің, шыдамдылығының, еңбексүйгіштігі мен қайсарлығының  арқасында   Осинцев О. С. қазір  әдеби  ортада ерекше  орын  алады.

Кешке  ақынның  көптеген достары, жақындары, табынушылары  келді. Рудныйлық  композиторлар  Гвоздева Светлана және  Зюбанова Тамара Олег Сергеевичтің  сөзіне жазылған  әнді  орындады. Қонақтар арасында ақын шығармашылығының  табынушысы, кітаптарын басып шығаруда демеушілік көрсетіп жүрген   – Екатерина Литвинова  да болды.

Кеш соңында ақын өз  шығармашылығына  қызығушылық  танытқан  барша  қатысушыларға  алғысын  білдіре отырып, барлығына «Музыка судьбы» кітабын  сыйға  тартып, өз  өлеңін  оқыды.

Leave a Reply