2020 жылғы қаңтар айының мерейгерлері

қаңтар

Сущенко Иван Михайлович

Туғанына 70 жыл

    Иван Михайлович Сущенко – ақын, жазушы және өлкетанушы.Көптеген жылдар бойы  «Рудненский рабочий» газетінің редакциясында жұмыс істеді.  Иван Михайлович өзі туылған және өскен «Званное  селосының  тарихы»  брошюрасының авторы.Бұл материалдарды ол  мұрағаттар мен мұражайлардан жеті жыл бойына жинады.

Сущенко 1949 жылдан  бергі Рудный туралы мәліметтер  жинақталған «Рудный қаласының тарихи анықтамасын»  баспаға дайындап тапсырды. Анықтама үнемі жаңартылып отырады, қалалық кітапханаларда сақталатын баспа өнімдерден басқа оларды «Proza.ru» сайтында электронды түрде табуға болады.

Одан өзге, Иван Михайлович «Кисло-сладкое»  лирикалық өлеңдер жинағын шығарып, олар  өзі 2014 жылдан бері мүшелігіне енген Ресей жазушылар одағының альманахында басылып шықты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика