2020 жылғы қаңтар айының мерейгерлері

13  қаңтар

Онищенко Александр Емельянович

Туғанына 90 жыл

    1930 жылы Алтай өлкесінде туылды. Магнитогорскінің тау-кен институтын, Магнитагорск индустриалды  техникумын бітірді.  1949 жылы  Магнитогорск металлургия комбинатында жұмыс істеп бастады. Домна цехында газовик көмекшісі, агломератчик,аглофабрика шебері,аглоцехтің  инженер-технологы  болып жұмыс істеді.

1964 жылы ССКӨБ штатына жентектеу фабрикасының  басшысы ретінде тағайындалды. 1976 жылы  комбинаттың бас инженері, 1978 жылы директор болып белгіленді.

Александр Емельяновичтің темір окатыштерін өндіру облысы бойынша  ойлап табуда алты  авторлық  куәлігі  бар.Ол рудный тархи-өлкетану мұражайын  ашуға белсене  қатысты. «За трудовое отличие», «Шахтерская слава»  медалдарымен,Қазан Революциясының төсбелгісін иеленген, Қазақ ССР еңбек сіңірген кеншісі болып табылады.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика