2020 жылғы қаңтар айының мерейгерлері

15  қаңтар

Сергазинов Мурзабек  Мурзаканович

Туғанына 95 жыл

    Ресейдің Челябі облысындағы Ново-Катенино селосында көп балалы отбасында дүниеге келді. Әкесі ерте қайтыс болып, тұрмыстан қиналған анасы жеті жасар баланы  жақсы таныстары  Алдашевтар  отбасына  тәрбиелеуге берді. Мектепті бітірген соң ол  Магнитогорск  училищесіне   құюшы болып оқуға түсті.

1943 жылы  Мурзабек Мурзаканович соғысқа аттанып, 1945 жылы ауыр жарақаттанғаны себепті  үйіне  оралды. Колхозда жұмыс істеді, кейін  «Джетыгаринский» трестінің  кадрлар бөлімін басқарды. Қоғамдық  жұмыстар атқарып, комсомол, кәсіподақ, денешынықтыру, спорттық жұмыстарды атқарды. Ленинградтағы қозғалыс мектебінің бір жылдық курсын тәмәмдаған оны  ССКӨБ  құрылысына  жіберді.

1956 жылдан бастап «Соколовкенқұрылыс» трестінде жұмыс істеп бастап, спорттық жаттықтырушы және денешынықтыру ағартушылық жұмысымен айналысты. Сергазинов түрлі бағыттағы  төрт СССР  спорт  шеберін, І разрядты  52 спортшыны  тәрбиелеп шығарды.Шаңғымен сырғанау бойынша олимпиада  чемпионы  Иван Иванович Гараниннің бірінші  жаттықтырушысы  сол еді.

Мурзабек Мурзаканович «Лучший наставник молодежи»  атағына, «Заслуженный тренер Казахской ССР»  құрметті атағына, «Спортивный судья 1-ой республиканской категории»  кәсіби  атағына  ие  болды.

1998 жылы өмірден өтті.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика