22 қаңтар
Исаченко Олег Степанович
Туғанына 85 жыл
Олег Степанович Исаченко Рудныйға Алматыдағы тау кен институтын бітірген соң қалаға небәрі бір жыл, ал комбинатқа төрт жыл болған кезде келді.Маркшейдер болып жұмысқа орналасты. Сарбай кен орыны жаңадан ашылып жатқандықтан маркшейдер қызметі өте қажет болды.
Исаченко жуық арада кен басқармасына бас маркшейдер болып тағайындалды, ал 1974 жылы комбинаттың бас маркшейдері болды. Оның басқаруымен комбинатта маркшейдердің жоспарын айқындандыра түсуге мүмкіндік беретін өлшеу есебі, карьердің жерасты фотограмметриялық түсірілімі енгізілді.
1984 жылы Олег Степанович бірлестіктің техникалық бөліміне бастық болды. 1995 жылы Исаченконы бірлестіктің бас инженері болып тағайындалды, ал үш жылдан кейін бірінші вице-президент– ССКӨБ тің бас инженері болды. Кешеннің барлық толассыз еңбегі соған байланысты еді – шикі өнімнен бастап дайын өнімді шығарғанға дейін. Ол барлық жұмыс барысын жіті қадағалап отырып, алып комбинаттың барлық бөлімшелерде орындалып жатқан жұмысты біліп отырды.
2000 жылы үздіксіз адал еңбегі үшін, комбинаттың дамуына қосқан үлесі үшін Олег Степанович Исаченко Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Олег Степанович 2005 жылы өмірден озды.